
Түскі сағат 14:05 шамасында қала тұрғыны Нышанов көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінен суши, пицца, чикенге тапсырыс беріп, үйге алдырған. Сөйтіп, фаст-фудтан дәм татқан 44 адамның жағдайы күрт нашарлап, Түркістан қалалық орталық ауруханасына жеткізілген. Оларға “нақтыланбаған бактериялық астан улану диагнозы қойылған”.
3 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы 41 науқас жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда.
Осы жағдайдан кейін Түркістан қаласының полиция басқармасы аталған дәмхананы мөрлеп жауып тастаған. Қазіргі таңда құзырлы орындар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.