Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды.


Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаланы Бас жоспарға сай дамытып, бірыңғай сәулет үлгісін қолдану керектігін жеткізді. Көгалдандыру, ағаштарды көбейту және бос жатқан жерді тиімді әрі сапалы игеруді тапсырды.

– Түркістанның өзіндік дизайны, сәулет үлгісі болуы керек екенін білесіздер. Әр жобаны жіті зерделеп, сәулетшілердің талқысынан кейін ғана жүзеге асыру керек. Әлеуметтік нысандар, демалыс орындары, саябақтар және өзге де ғимараттар бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңірдің сәулеті талқыланған жиналыста 17  жоба қаралды. Қалалық мәдениет үйінің қасбеті, қалаға кіреберіс тұстағы тұрғын үйлер, абаттандыру жобалары да сараланды. Сонымен бірге ескек есу каналының маңын ірі туристік орталыққа айналдыру, аквапарк, қонақ үйлер салу мәселесі талқыға түсті. ІТ парк салу, қосымша білім беру орталықтары ғимараттарын салу туралы да ұсыныстар қаралды. Жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестициялар да тартылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close