Қоғам

ТҮРКСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰЗДАҚ КӨЛДЕРГЕ АЭРОВИЗУАЛДЫ ЗЕРТТЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазселденқорғау мамандары Қазавиақұтқару тікұшағымен зерттеу Ақсу, Сайрам-су және Өгем өзендерінің бассейндерін бойлай ұшып, әуеден барлады.

Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қауіпті жағдайды бақылау үшін көлдердегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап, олар толық ерігенге дейін зерттеу жүргізіледі. Әуеден барлау нәтижесі бойынша Ақсу 2 көлін мұз 80%, Ақсу 3, 4 көлдерін 40-50% басқаны анықталды. Қалған көлдер ашық және суға толу сатысында. Сайрам-су өзенінің бассейнінде мұз астында 1 көл бар, қалған көлдердің беті толығымен ашық, мұздақ мұздықтардың көпшілігін биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін қысқы қар басқан. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Түркістан облысының тауларында 45 мұздақ көл, ең көп мұздақ көлдер Төлеби ауданында қалыптасады. Бүгінгі таңда өңірдегі жалпы жағдай тұрақты.

Қыс мезгілі келгелі, барлық су нысандары жұқа мұзбен жабылады. Мұз аязды үздіксіз күндер болғаннан кейін ғана қатаяды. Мұз беріктігінің жоғалуына алып келетін, қысқа мерзімді еру –өте қауіпті . Барлық адамдар су қоймаларындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларымен таныс болса да, олардың барлығы сақталмайды. Бұл адамдар коньки тебуге, хоккей таяқшаларын сынауға, шұңқыр дың үстінде қармақпен отыруға, яғни жолды қысқартуға , одан шығатын салдары туралы ойламастан, су айдынынан батыл өту үшін мұз алаңдарына шығады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қыс мезгілінде су айдындарында қаза болған адамдар –ер адам-балықшылар, қараусыз қалған балалар, сондай-ақ құтқарушылар кеңестерін елемей, қатпаған, боранды және берік емес мұзға шығатын адамдар болып табылады. Мұз тұрақты аязға дейін мықты емес. Кешкі немесе түнгі суықпен бекітілген мұз, аз жүктемеге төтеп бере алуы мүмкін , бірақ күндіз, ол арқылы ағып жатқан еріген сулардан тез қызып, кеуекті және өте әлсіз болады. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-7 см құрайды, жаяу өткел жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-15 см және одан көп, автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы — 30 см кем емес.

Қайғылы оқиғалар болмауы үшін, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

— қандай жағдай болмасын, қараңғы уақытта көріну нашар болған жағдайда (тұман, жаңбыр, қар жауу)мұзға шығуға болмайды;

— өзен арқылы өту кезінде мұз өткелдерін пайдалану қажет;

— мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды. Егер қатты затпен немесе шаңғы таяқшасымен бірінші күшті соққыдан кейін аз болса да су көрінсе, жүктеме үлкен алаңға бөлінуі үшін мұздан аяқты алмай және оларды иық еніне қойып, тез арада өзінің ізімен жағаға қарай жүру керек;

 — су қоймасын мәжбүрлі түрде өту кезінде арылған соқпақтарды  ұстану немесе шаңғы арқылы жүру қауіпсіз;

— су айдынынан топпен өткен кезде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықты сақтау қажет.

— Егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды «101» немесе «112» телефоны бойынша хабарласу керек!

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close