ТҰРМЫСТАҒЫ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ
Электр қауіпсіздігі — адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.
Адам ағзасындағы электр тоғының әсері әр түрлі болады:
Тоқтың әсерінен адам денесі ұлпаларының жыртылуы;
Күю;
Қанның ұюы;
Жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы осы арқылы жүректің, өкпенің немесе кейбіп бұлшық еттердің жұмыстары тоқтап қалуы мүмкін.
Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе тоқ жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін. Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің
бүлінуі мүмкін. Бұдан басқа электр тоғы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы тоқтың шамасына байланысты болады.
Ток күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток
өткізудің екі түрі бар:
1) электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2) электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.
Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру. Электр қауіпсіздігінің техникалық үйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бүларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.
1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып және соған жауап береді.
2) жөндейтін персонал— бұлар электр қондырғыларын жөндеу, реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.
3) оперативтік жөндеу персоналы — бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, әрі жауап береді.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1) ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3) қорғаныстық жерге қосқыш;
4) қорғаныстық нөлдік сым;
5) автоматтық ажыратқыш.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек:
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр
өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз
жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы –
алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның
өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез-келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.