Қоғам
ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ТЕХНИКАНЫ МЕҢГЕРУДЕ
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлуде.
Бүгінгі таңда адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен аумақтық өңірлердің ТЖД автопаркілері толығуда.
Түркістан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметіне жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға арналған Германияда шығарылған «MAGIRUS» баспалдақ көлігі алынды. 55 метрге дейін тартылатын баспалдақ, құтқару лифті, автономды генератор, жетілдірілген басқару жүйесі тұрғын үйлер тығыз орналасқан қалалық құрылыс жағдайында ТЖ және өрттерді жою кезінде осы арнайы техника жедел пайдалануға мүмкіндік береді, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу уақытын қысқартады