Қоғам

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ!

Жетісай ауданында 2024 жылдың қазан айының 8-10 күндері аралығына жоспарланған волейболдан 2008-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар арасындағы Түркістан облысының чемпионаты Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтті.

Жасөспірім спортшылар арасында волейбол спорт түрін  облыс көлемінде кеңінен дамыту, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін  Қазақстан чемпионатына облыс құрамасын іріктеу, үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған Түркістан облысының чемпионатына жалпы 16 команда қатысып, өз бақтарын сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Сейдалиев пен волейболдан жасөспірімдер арасында аға бапкер И.Райымхановтар қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен  төмендегідей  командалар марапатталды:

І-орын Ордабасы ауданы;

ІІ-орын Түркістан қаласы;

ІІІ-орын Түлкібас ауданы;

ІV-орын Сауран ауданы;

Командалар арасынан жақсы ойын  көрсеткен жасөспірім спортшыларр төмендегідей номинацияларымен марапатталды:

«Үздік қорғаушы» Нұржанұлы Асқар

(Түлкібас ауданы);

« Үздік шабуылшы» Жумадуллаев Бехруз

(Түркістан қаласы);

« Үздік доп ұзатушы» Батырбай Атабек

(Сайрам ауданы);

«Үздік ойыншы» Өмірбай Әділжан

(Ордабасы ауданы);

«Үздік  төреші» және «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталғандар:

«Үздік төреші» Сәрсенбеков Жолдас

(Отырар ауданы)

«Үздік төреші» Нышанбай Асылбек

  (Жетісай ауданы)

«Үздік жаттықтырушы» Елеусізов Ғалымжан

(Түркістан қаласы)

«Үздік жаттықтырушы» Жұмабаев Сержан

(Ордабасы ауданы)

Жарыста жүлделі орындарға ие  болған командалар мен үздік спортшылар Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан арнайы дайындалған  кубок, медаль және дипломдар,сондай-ақ «Үздік төреші», «Үздік  жаттықтырушы» номинацияларымен марапатталған жаттықтырушылар Жетісай ауданы әкімі С.Ү.Мамытовтың атынан арнайы дайындалған дипломдарымен  марапатталды..

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close