#Жастар

«МАМАНДЫҒЫМ — МАҚТАНЫШЫМ» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте Абай ауданы жастар орталығы мен «Энергетика және байланыс» колледжі ұйымдастырған «Мамандығым — мақтанышым» атты байқау өтті. Аталған байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бекітілген «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында өтіп отыр.

Байқаудың басты мақсаты — білім алушылардың бойындағы жауапкершілік, іскерлік және кәсіби қабілеттерін дамыту, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқау «Референт-хатшы» және «Мұрағатшы» топтарының студенттері арасында өткізілді. Студенттер өз мамандықтары жөнінде қызықты мәліметтер беріп, әрқайсысының маңыздылығына тоқталды. «Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі» дейді олар.
Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close