#Жастар

«ҚАРАТАУ МЕН СЫРДЫҢ ЕЛІ, ДƏСТҮР МЕНЕН ЖЫРДЫҢ КЕНІ» АТТЫ ӘН КЕШІ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласы «Қаратау дәстүрлі өнер мектебі» және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «ҚАРАТАУ МЕН СЫРДЫҢ ЕЛІ, ДƏСТҮРМЕНЕН ЖЫРДЫҢ КЕНІ» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы дəстүрлі əншілерінің концерті өтті.

Аталмыш кештің мақсаты сонау Біржан мен Ақаннан қалған сара жолды қайта жаңғыртып, бүгінгі балалар мен болашақ ұрпаққа ата-бабадан қалған киелі өнерді шық түсірмей табыстау мақсатында Сыр салдары Қаратаудың серілерін арнайы іздеп келуі.
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Осы айтулы датаға орай бала жасынан домбыраны серік етіп, ел ішіне ақындығымен танылған, екі ғасырдың күәсі болып, саналы ғұмырын ән мен жырға арнап, ұрпағына қалдырған мол мұрасын көрермен назарына ұсынып насихаттау болып табылады.

Концертік шараға Қызылорда облысы мен Қаратау мектебінің әншілері және қаламыздың оқу орындарының жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close