Қоғам

КҮНГЕЙДІҢ ӘН ЖӘНЕ КҮЙ ӨНЕРІ

Әншілік дәстүр. Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады.

Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,—деп түйіндеген.

Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Қазақ ән-өнерінің тарихи тек-тамырын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде туған «Елім-ай» әнінен бастау алады. Аспапты музыка ретінде оқшау жанр болып орныққан қазақ күйлерінің мың жылдық, тіптен одан да көне («Ақсақ құлан», «Қорқыт», «Ел айрылған», т. б.) тарихының бары белгілі. Бұл жағдайлар ән өнерінің де тек-тамырын аршуға ынтықтыра түссе керек.

Танымал әнші және зерттеуші Ж. Кәрменов әндердің күрделілігі мен форма- сын жанр ретінде ұсыну қажеттілігін айтқан. Мұндай пікірді А. Алматовтың зерт- теулерінен де кездестіруге болады. Осы орайда ән жанрларын мынадай топтарға бөле қараудың ыңғайы бар сияқты:

  • Романс тектес әндер – «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» және т.б.;
  • Сатиралық-юморлық әндер – «Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» және т.б.;
  • Қара өлеңге құрылған әндер – «Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» және т.б.;
  • Қыз-келіншектер әндері – «Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек» және т.б.;
  • Желдірме әндер –термелер, арнау, насихат әндер және т.б.;
  • Эпостық мазмұндағы әндер–жырлардың кейіпкерлерінің атынан айтылатын әндер – «Жігіттің падишасы Әмір,Темір», «Қос мүйізді Ескендір» және т.б.;
  • Авторлық-арнау әндер. Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашубай», «Теміртас» және т.б.

Әндерді бұлай бөлу арқылы олардың шығу тарихын саралап, формасын анықтап, орындау ерекшелігін түсінуге болады.

Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы, соның ішінде дәстүрлі ән өнері ең жо- ғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен әндердің тақырыбы мен мазмұны, ма- қамдары мен әуен ырғақтары халықтың көкейкесті ой-арманынан туған. Ал, ха- лық орындаушылары сол әндерді сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырды. Соның ар- қасында қазіргі бізге жеткен әндер өмірдің тар жол бұралаңдарынан өтіп, ұлттық дәстүріміздің айғағы болып отыр.

Ән – қазақ халқының рухани асыл қазынасы. Кейде өнер адамына замана тұл- ғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талап қойылады. Алайда, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен замана- лық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да қаперде бола бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес.

Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақ- тардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек-тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Конфуций айтты дейтін тұжырым бар: «Егер белгілі бір елдің ахуалын білгің кел- се, сол ел адамдарының жөн-жобасын танығың келсе, алдымен әніне құлақ түр». Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі ха- лықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлық- пен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді.

Қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері дәл қазіргі жинақтал- ған қыруар айғақтың негізінде бес мектепке бөлінеді деп тұжырымдауға негіз бар. Бірінші, Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп. Екінші, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектеп. Үшінші, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп. Төртінші, Сыр бойының әншілік-термешілік мектеп. Бесінші, Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік мектеп. Бүл жіктеулер музыка- лық өлшемді дәлелдермен де, естір құлақтың талғам-танымымен де өзіндік бітім- қасиеттері жеке-жеке әуен-сазын, қайырым-нақысын айқын айғақтай алады. Бес әншілік мектеп өнері кең аяда қамтылып, типологиялық ауқымымен сараланған. Себебі бес мектеп өз іштерінде әр алуан айтулы әнші-композиторлардың дарын- қуатымен әлденеше сала құрап, сан тарау үлгі танытып, өркен жайып жатады. Мә- селен, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Ыбырай, Әсет, Жарыл- ғапберлі, Уәйіс, Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бір- бірінен мейлінше оқшау бітімдегі әнші-композиторлар.

Дәл осы сияқты, өз ішінен сан тарау арна құрап, сала-сала үлгі танытатын қасиетті Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі, шығысы мен батысындағы, Сыр бойындағы әншілік мектептерден де аңғаруға болады. Бір ғана оңтүстіктегі айтылатын әндердің Қаратау маңында немесе Қазықұрт етегінде, Созақ өңірінде немесе Талас алқабында өзіндік дара иірім-нақыспен шырқалатынын кәнігі тың- даушы жазбай айырып отырады. Сондай-ақ, Алатау баурайында дүниеге келген әндер де өзінің ойлы да ойнақы бітімімен таныла кетеді. Сөйте тұра, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әндердің ортақ қасиеті, сабақтас бітімі ешкімге шәк келтірмейді. Бір ғана эпостың өн бойында мифтен бастап аңызға дейін, лири- кадан бастап эпикалық жырларға дейін, бебеулеген құлақкүйлерден бастап алуан нақысты ән әуездеріне дейін, шиыршық атқан драмалық қақтығыстардан бастап орындаушының актерлік қанатты шабытына дейін алуан түрлі өнер түрлері тұта- сып жатады. Исі қазаққа аты мәлім асқан әнші Әміре, дауылпаз ақын-әнші Иса, өр әнші Мәди, сыршыл әнші Әсеттің әншілік өнерінен көп өнеге алуға болады. Ал бұл әншілер өз тұсында нар Кемпірбай, Біржан сал, Ақан сері, үкілі Ыбырай сияқты саңлақтардың көзін көріп, әнін тыңдаған. Халықтың асыл өнерін мәңгілік ететін де осы сияқты ұрпақтардың, өнерпаздардың, олардың өнерінің сабақтасты- ғы. Бүгінгі тыңдаушы Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосы- нов, Бекболат Тілеухан сынды әншілердің өнерін тыңдағанда кешегі ән өнерінің жарық жұлдыздары Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Мәди, Әсет, Әміре, Иса, Кенен, Жүсіпбек, Манарбектер салған ғажайып дәстүрдің жалғасы сияқты қабылдайды.

Әншілік – үлкен өнер. Қазақ халқының талғам-түсінігі ежелден-ақ әншілікті айырықша дарын деп есептеп, биік өнерге балаған. Айтулы әншілеріне төрінен орын беріп, төбесіне көтере әлпештей білген. Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны аян. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтылуы, жарапа- зан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған. Қазақ халқының әншілік, күйшілік өнерінде Ғазиз, Уәйіс сияқты, Мұхаметжан, Шашубай сияқты, Дайрабай сияқты бірлі-жарым әнімен немесе күйімен ел есінде қалған саңлақ өнерпаздар бар. Көп ретте осындай әнші-күйшілердің кім екеніне, қашан, қай ор- тада өмір сүргеніне жеткілікті мән беріліп те жатпайды. Көп ретте ол – әрі компо- зитор, әрі орындаушы, әрі сүйемелдеуші, ең бастысы сол айтатын әнінің жайын, шығу тарихын түсіндіруші ғой. Былайша айтқанда, бұрынғы дәстүрде әншілердің үні, дауысы ғана сүйсіндіріп қоймайды, сол әншінің өзі халықтың эстетикалық талғамының жанды айғағы сияқты. Бәлкім ел ішінде әншілердің ерекше құрметке бөленуінің бір сыры осында болу керек. Жекелеген әндерге назар аударайық –

«Жамбас сипар» болса, Біржанның тоқтасқан шағындағы, артта қалған тәтті дәу- ренді егіліп еске алуы ғой. Бұл аңсауға толы, кісілігі мол ән. «Сырғақты» болса өмірдің жақсылығы мен шуағын өнеге етіп айтқан қасиет сияқты. «Өмір қысқа, бірақ оны мән-мағынаға толтырып, қызықты ету өз қолыңда» деп тұрған сияқты. Ал, «Құлагер» болса, бұл – орны толмас өкініштің жүрек қанын сорғалата жарып шыққан ащы зары. Міне, осы ерекшеліктер ең алдымен орындаушылық шеберлік- ке, орындаушылық дәстүрге байланысты. Әншілік дәстүр мең орындаушылық дәстүр бірімен-бірі тығыз астасып жатады. Ел – халық болған соң оның ұлттық сазы, өзіндік үн-тілі, әуендік тілі болады. Сол ұлттық әуен, ұлттық нақыш-сазға жеке әншілер арқа сүйей отырып, олар өздерінше өрнек құрайды.

Домбырамен ән айту деген сөз — халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған асыл дәстүрінен қол үзбеу деген сөз. Сол асыл дәстүрдің көсегесінің көгергені деген сөз. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов бастаған жақсы дәстүр Садық Кәрім- баевтың сазды әндері, одан берідегі Сыдық Мұхаметжанов, Нұрғиса Тілендиев, Илья Жақанов, Шәмші Қалдаяқов сияқты тамаша композиторлардың творчест- восында сәтті жалғасын тауып жүр. Бір ғажабы, домбырамен айтылатын әндер өзінен өзі дәстүрлі әуен сазымен табысып, төлтума қасиетін таза сақтайды. Бүл ретте домбыра аспабын қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің сарапшы сақтаушы- сы десе де болғандай.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close