ҚАРАТАУ КҮЙ ӨНЕРІ
Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес.
Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер – дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!
Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттық дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбек- терімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.
Мысалға, әуелі Құрманғазы күйшілігі мен күйлеріне шолу жасай келіп, «Са- рыарқа» күйіне тоқталсақ. Неше рет жер аударылып, Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден кашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол-жөнекей қо- на-түней жүрген кездерінде шығарыпты» деген әңгімелер бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қона- ғы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрманғазы Тәттім- бетке «Сізге арнаған сыйым болсын» деп осы «Сарыарқа» күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рақаттанған Тәттімбет, «ендеше мен де саған бір күй арнайын» деп «Көкейкесті» күйін Құрманғазыға арнаған екен. Осыдан соң Тәттімбет Құрманғазының астына жарау ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған екен деседі. Қазақтың күйшілік өнерінің өңірлік мектептері – Алтай-Тарбағатай, Батыс Қазақстан, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан), Қаратау, Жетісу т.б.. күйшілік мектептерге бөлінеді.
Бес кезеңнен өткен күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінез- демелері де бар. Күйлердің қазіргі оқытудағы аймақтарға қарай ұялық бөліністері жеті мектепті құрайды.
Алтай күйшілік аймағы – Шығыс Қазақстан өңірі
Еліміздің шығыс өңірінде қалыптасқан домбырашылық өнердің тамыры те- реңнен бастау алады. «Ерте заманда домбырада жалғыз ғана ішек, тауқұдіретте жалғыз ғана қанат болыпты. Домбыраны жасаған шебер, жалғыз ішекпен көсілтіп күй тарта алмайды. Ал, жалғыз қанатты тауқұдірет қалықтап ұша алмайды. Дом- бырашы не істерін білмей іштен тынады. Тауқұдірет болса күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қалықтап ұша алатын қос қанат сұрап, «құдірет-ау, құдірет», — деп жалбарынумен болыпты.
Күндердің бір күнінде тауқұдіретке Тәңір ой салады. «Бүйтіп зарлап жүре бергенше талпынып тірлік етіп көр», – деді. Содан аталық тауқұдірет пен ана- лық тауқұдірет қолдасып ұшуды ойлайды. Бірінде – оң қанат, екіншісінде – сол қанат, екі тауқұдірет бір-бірімен қолдасып, қанаттарын кере серпеді. Сол кезде жерден бауырлары көтеріліп, қалықтай ұшып жөнеледі. Жер беті дөңгеленіп тө- менде қалады. Қос тауқұдіреттің қанаттарын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рахат- тана самғайды. Сонда көңілдері шаттанған қос тауқұдірет қуаныштарын жасыра алмай «құдірет-ау, құдірет мұныңа да шүкірлік», – деп тәңірге ризашылықтарын білдіріпті. Осы туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек» поэма- сында былайша суреттелген жыр жолдары бар:
Сыңар қанат екі құс жаралыпты жалғанда, Бір-біріне жабысып алады екен самғарда.
«Құдірет» – деп екеуі зарлайды екен толассыз, Бірінің – оң, бірінің- сол қанаттары болғанда.
Кейін бұл тауқұдіреттен туған балапандарға тәңір қос қанат дарытып еді дейді. Осы оқиғаға куә болған домбырашы «қос қанат бірігіп еді – ұшты, егер домбырада қос ішек болса ше?», – дейді де, екінші ішек тағып көреді. Содан соң, қос ішекті домбырасын тартып көрсе, ғажайып үн шығады дейді. Домбырашының қуанышында шек болмайды. Тіптен, риза болғандығы сонша, ең алғашқы күйін тауқұдіретке арнайды. Тауқұдіреттің алғашқыда қалай қиналғанын, «құдірет-ау, құдірет», — деп тәңірге қалай жалбарынғанын, содан соң қолдаса ұшып көкке сам- ғағанын күй тіліне салады».
Бұл аңыздың желісі домбыраның қос ішегінің қалай пайда болғандығы жөнін- де сыр шертеді. Домбырашы Бағаналы Саятөлековтың орындауындағы «Тауқұді- рет» күйі шынында да өте қарапайым, күйдің көне үлгісі екендігін аңғартады және кейбір тұстарында құстың шаңқылы тәрізді, қос ішекті домбырадан обертондар арқылы жаңғырып үшінші дыбыс шығып тұрады.
Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Өйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, сонымен қатар, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл өңір- дегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбыра- шылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта) тартылатын «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз», «Ақсақ аю», «Бұлғын-сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты күйлер – аңыз-әңгімелерімен астасып жатқан көне жәдігерлер. Шығыс Қазақстан домбыра күйлерінің «Сары өзен», «Беласар», «Қорамжан», «Ащы күй» сынды тағы бір бөлігі – қазақ пен қал- мақ шапқыншылығы дәуірінен көрініс беретін тарихи шығармалар. Ал «Салкү- рең», «Телқоңыр», т.б. халық күйлері – өте ерте замандардан жеткен туындылар.
Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі – Кетбұға күйші. Қа- һарлы Шыңғыс хан заманында өмір сүрген Кетбұғаның ержүрек батыр, ақылгөй би, дәулескер күйші ретінде есімі белгілі. «Кетбұғаның күйі» («Қара ала белдік мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға») сол дәуірлерден жеткен тарихи туындылардың бірі.