Қоғам

ҚАРАТАУ КҮЙ ӨНЕРІ-3

Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы.

Арқа күйшілік дәстүрі Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең көр- некті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлы. Шертпе күй саласында екі ішекті алма- кезек даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту әдістерін көбірек қолданып, бұл та- рапта жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалыптастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады. Небары 45 жас қана ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз, соны өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой-толғамдарға құрылған «Қосбасар» (9 нұсқасы), «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Бес төре» (І, ІІ түрі), махаббат сырын шерткен «Сылқылдақ», «Көш жанаған», «Балбырауын», тарихи оқиғаларға ар- налған «Айдос», «Алшағыр», «Азамат қожа», «Бозайғыр», т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған – өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған. Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова, Әпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Уәли Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ өнерпаздар да кеңінен насихаттады. Ұлттық музыка өнеріндегі Тәттімбет бастаған жаңа дәстүрді оған ілесе шыққан Тоқа, Әбди, Сембек, Қыздарбек сынды күйшілердің өзінше жалғас- тыруы да – заңды құбылыс. Тәттімбет тәлімі дегенде, ауызға ең әуелі әйгілі Тоқа Шоңманұлының есімі ілігеді. Ел іші оны шыққан руына байланысты «Сайдалы сары Тоқа» атап кеткен. Тәттімбеттен он бес жас кіші Тоқа, ұлы күйшімен өнерде үзеңгілес жолдас бола жүріп, одан күйшілік өнердің қилы тағылымын меңгерген. Өзінің біліп, үйренгенін Тоқа айналасындағы ізбасарлары Қыздарбек, Әбди, Бау- бектерге табыстап отырған. Бұлардың барлығы дерлік Тәттімбеттің ізімен «Қос- басарлар» циклын жалғастырды. Қыздарбектің «Өткінші», «Мұң» қосбасарлары – шертпе күй мектебінің ең бір сыршыл, мұңшыл шығармалары. Бұл күйшілердің Кеңес дәуіріне тірі жеткендері көп қуғын-сүргін көрді, Әбди мен Сембек 30-жыл- дары атылып кетті. Күйлері көпке дейін жұрт назарына ұсынылмай, шетқақпай болып келді.Олардың мұрасын бүгінге жеткізушілер – Әпике Әбенова, Дәулетбек Сәдуақасұлы, Манарбек Сағымбеков, Орал Исатаев сынды күйші-домбырашылар. Табиғаттың бұла бір сәтін күй арқылы жеріне жеткізіп суреттеген Арқаның тыл- сым күйшілерінің бірі – Әшімтай еді. Оның соңында қалған бір ғана күй «Қоңыр қаз» деп аталады. Атақты Дайрабайдың да күйлерінің көбісі бүгінге жетпеген. Бұл екі күйшінің туындыларын елге табыстаған – әйгілі күйші Мағауия Хамзин.

Жетісу күйшілік аймағы – Оңтүстік Шығыс Қазақстан.

Жетісу күйшілік дәстүрі – бұл өңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі стильге бай болғанмен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысана- сынан тыс қалып келеді. Жетісу дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен өзектес. Жер жағдайы ұқсас, Алтай мен Алатау аралығында үзілмей, іркес-тіркес жалғасқан тау сауырын қоныстанған елдің мәдени кеңістігі ортақ болғандығы байқалады. Еліміздің Жетісу өлкесінде ертедегі аңыз күйлермен қатар авторлары ұмыт бо- лып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан кездеседі. Мысалы: «Аққу», «Аққудың зары», «Жеті атан – ерке атан», «Мұңлық – Зарлық», «Жетім қыз», «Жетім бала», «Жиренше шешен», «Тепеңкөк», «Шұбар киік», «Ақсақ қыз» сияқты көне күйлер ерте дәуірлерден сыр шертеді.

Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік өнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. Бұл мектептер дәулескер күйші-композиторлар – Байсерке Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты.

Қожабек, Сатқынбай, Қатшыбай, Темірбек Ахметов арқылы бүгінге жалғасып келген Байсерке күйшінің көп мұрасынан, өкінішке қарай, кезінде жинақталып, жазылып алынбаған. Байсеркенің «Ұран күй», «Толқытатын күй» деп аталатын туындылары бар. Жетісу күйшілік өнеріне тоқталып, Байсерке күйшінің шығар- машылығына қатысты «Ғасырлар пернесі» еңбегінде алғаш А. Жұбанов сөз қоз- ғаған болатын.

Жетісу өңіріндегі тағы бір оқшау көзге түсетін мектеп – Шыңжаң өлкесі күйшілік дәстүрімен сабақтас, Қожеке Назарұлы бастаған домбырашылық үрдіс. Қожеке күйші Жетісудың төрі Қарқара жайлауында дүниеге келген. Қожекенің өмір сүрген заманы аумалы-төкпелі қиын кезеңге тұспа-тұс келді. Ресей импе- риясының қазақ елін отарлау саясатына бағынбаған Қожеке тағдыр тауқыметімен Қытай асып кетеді. Ол жақта да қиын өмірді бастан кешіп, ақырында озбыр заман- ның саяси құрбаны болған күйші мұрасы бүгінге өзінің ұрпақтары ұлы Рақыш, немерелері Шаңия мен Тұрсынғазы, Ясын, жиені Орынбек арқылы жетті. Жеті- су күйлерін зерттеуші, күйші Б. Мүптекеев Қожеке күйлерін тақырыптық мазмұн жағынан бірнеше топқа жіктейді: а) ежелгі жыр, аңыз, шежіре, ертегі сюжетіне құ- рылған күйлері («Мұңлық-Зарлық», «Қамбархан», «Жиренше шешен»); ә) табиғат тыныс-тіршілігіне байланысты күйлері («Ағарсынның ақ толқыны», «Сарбарпы бұлбұл», «Сайрам көл»); б) жеке бастың көңіл ауанына қатысты туған күйлері («Кертолғау», «Күй шақыртқы», «Сағыныш», «Шалқайма», «Нұрғазарын»). Қо- жеке, Сыбанқұл мектептерінің өкілдерімен қатар, Бөлтірік, Қосдәулет, Омархан Керімқұлов, Елемес Таласбай сынды күйшілердің, Тіленді, Шортанбай сияқты Жетісу өлкесінде өмір сүрген белгілі тұлғалардың атын атауға болады.

Қаратау күйшілік аймағы – Оңтүстік Қазақстан өңірі.

Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй ше- бері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттім- бет, Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан ба- йытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз сазын домбыра күйімен қабыстыра білуі үлкен жаңашылдық бол- ды, қобыздағы мұңды әуеннің Сүгір күйлерінде домбырамен астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең берді. Ол өмір сүрген өңір – қарт Қаратау, көне Отырар, қа- сиетті Түркістан аймағы – тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Сондықтан қазақ музыкасындағы озық жетістіктерді бойына жинаған Сүгір шығармаларында Арқа, Жетісу, Алтай-Тарбағатай, Батыс әуен-саздарының кезде- суі кездейсоқ құбылыс емес. Оның күйлері мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекше. «Шалқыма», «Ілме», «Бес жорға» (5 тараудан тұрады), «Қа- ратау шертпесі», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), т. б. туындыларының қай-қайсысын алсақ та, кемеліне келген көркемдік, мүлтіксіз жаңашылдығымен, соны сипатымен оқшау тұрады. Сүгір күйлерін алғаш республика жұртшылығына танытқан дарынды өнерпаз, қобызшы әрі домбырашы Жаппас Қаламбаев болды. Сүгірдің «Кертолғау», «Ілме», «Шалқыма», «Ыңғайтөк», «Аққу», т.б. күйлері Ж. Қаламбаевтың орындауында қайталанбас өрнегін тауып, қазақ музыкасының ал- тын қорында мәңгі сақталып қалды. Сүгір күйлерін асқан шеберлікпен орындап жеткізушілер қатарында күйші, домбырашы Төлеген Момбековтің есімін айрық- ша атауға болады. Сүгірдің «Қосбасар», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), «Бес жорға», «Қаратау шертпесі», «Телқоңыр», «Шалқыма», «Бозінген» сияқты күйлерін өзіндік мәнерімен орындап, өз жанынан да көптеген күйлер шығарған Төлеген Момбеков – Сүгір мектебінің көрнекті өкілі. Қаратау күйшілік мектебінде Сүгір, Бапыш, Төлеген, Жаппас, Боранқұл, Айкен сынды қаратаулық күйшілердің туындылары қомақты орын алады.

Жиделі Байсын күйшілік аймағы – Сырдария, Арал өңірі.

Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі – көпке дейін қазақ музыкасы саласында аз зерттеліп, насихатталуы кемшіндеу болып келгенімен, соңғы кездері кеңінен қол- ға алына бастады. Белгілі жыршы, филология ғылымдарының кандидаты Б. Жүсі- повтың «Жиделі Байсын күйлері» деген еңбегінде осы орындаушылық мектептің күйлері алғаш жинақталып жарық көруі де – сең қозғалуының бір көрінісі. Сыр- дың бойында ертеректе өткен Құрманай Төремұрат, Асан Көнек, Бекпенбет сынды күйшілердің мұралары көнеден көшкен керуендей жалғасын тауып келеді. Одан беріректе Сыр өңірінде өмір сүрген күйші-композиторлардың ішінде үш дәулес- кер күйшінің есімін атауға болады. Олар: Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бек- пенбетұлы, Досжан Құрақұлы. Сыр бойы күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлға- лардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр кешкен, музыкалық мұрасының мо- лынан сақталған жері – Қызылорда облысының Қазалы өңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі», «Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бөлек, композициялық жа- ғынан оқшау тұрған жиырмадан астам күйлері белгілі болып отыр. Мырза күй- лерінің басты ерекшелігі, көбінесе, транспозициялық формада құрылған. Күйдің өзі шағын 3 бөлімді шығарма іспеттес. Бұны «Жемнің ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т. б. күйлерден байқауға болады. Осындай құрылымдағы күйлер, көбіне, сағасыз болып келеді. Яғни, батыс күйлеріндегідей кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы күйлерінің көбіне тән. Мырза күйлерін, сонымен қатар, Сыр бойында сақталған халық күйлерін, Құрманай Төремұрат, Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау шығармай, ерекше на- қышпен орындап, насихаттаушы – қазалылық дүлдүл домбырашы Нәби Жәлімбетов. Жоғарыда аттары аталған күйшілердің шығармаларымен қатар, Жалдыбай, Қобылаш, Исламбек Ысқақов, Жалғасбай Аралбаев, Төлеген Қаражанов, Мұзарап Жүсіпов тәрізді Сыр бойында өмір сүрген күйшілердің туындылары осы мек- тептің қомақты мұрасы бола алады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close