Без рубрики
ТОҚАЕВ СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРДІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында қазақстандық семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спортшылардың жоғары шеберлігі, мықты мінезі мен командалық рухының айқын нәтижесі екенін атап өтті.
Президент жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.



