Білім

ЖАҢА КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласында Болат Өтемұратов «Қоры Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасымен педагогтер арасында көшбасшылық бойынша курсын бастады. Қоғам дамуындағы әр тұлғаның сыни түрде өзін-өзі бағалай алуы, шаршы топта сөз бастау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен арнайы Меморандум аясында жоба қолға алынған болатын.

Басты міндеті – мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар үйретіледі — бұл қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

Жоба арқылы оқушылар келесі өмірлік дағдыларды қалыптастырады:
Шешім қабылдау дағдылары;
Мақсат қою;
Уақытты басқару;
Сыни тұрғыдан ойлау;
Шығармашылық және шығармашылық ойлау;
Қарым-қатынас және көшбасшылық қабілеттер;
Креативтілік;
Топты басқару;
Эмоционалды интеллект;
Келіссөз жүргізу;
Бейімділік;
Стресске төзімділік;
Ынтымақтастық және топтық жұмыс. Білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Курс тыңдаушылары санитарлық талаптарды барынша сақтай отырып біліктілігін арттыруды мақсат етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close