Қылмыс/Оқиға
Автокөліктен әмиян ұрлаған азамат анықталды
2021 жылдың 29-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға автокөлігінен ақшасы, құжаттары бар әмиянын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға бағалы заттарын көлікке қалдырмауға кеңес береді.
Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.