Білім

ЖАҢА ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты жоба үш ай бойы жалғасуда.

Оның ішінде орыс және қазақ тілі, физика және математика, химия және биология, тарих және география пәндерінің жас мұғалімдеріне арналған түрлі іс-шаралар іске асырылып, олардың кәсіби дағдылары мен біліктерін дамытуына үлкен септігін тигізуде.

Мәселен, «Критерийлер мен дескрипторларды құрастырудың тиімді жолдары» атты семинар барысында жас мамандарға оқу мақсаттары бойынша критерийлерді, ал, жаттығулар тапсырмалары бойынша дескрипторларды қалай құру керектігі көрсетілді.

Бұл семинарда мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, тақырып аясында ойларын ортаға салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close