Қылмыс/Оқиға
«Қару» іс-шарасы барысында 41 құқықбұзушылық анықталды
Ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 2004 қару иелері және 23 күзет агенттігі тексерілді. 41 құқықбұзушылық анықталды. 9 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасатын болады.