ШЫМКЕНТТЕ «ШАМSHYRAQ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Үшінші мегаполисте зағиптардың халықаралық күніне орай «ШамShyraq» фестивалі өтіп жатыр. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұйымдастыруда.
Фестивальдің бірінші күні Жастар ресурстық орталығында көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында ән байқауы өтті. «Туған елге тағзым!» тақыбырындағы конкурсқа қатысушылар жанды дауыста ән салып, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап, автордың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұған қоса жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арнап, жыр, терме орындауға қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 13 қараша күні «Көрме» орталығында өтетін гала-концертте марапатталады.