Білім
ОҚУШЫЛАР ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия бағыттары: Қуғын сүргін музейі —-> Қасірет мемориалы —-> Бәйдібек би ескерткіші —-> Тәуелсіздік саябағы болды.
Бұл шараның мақсаты: оқушыларымыздың патриоттық сезімін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегендігі туралы жеткізу.
Экскурсия барысында оқушылар үлкен әсер алып, ойларымен бөлісті. Болашақта туып өскен өлкесіне адал қызмет етуге, бабалар қалдырған тәуелсіздікке көздің қарашығындай сақтауға барын салатындарын айтты. Ол үшін білім-ғылымды, өнерді терең меңгеруге ниет білдірді.