Білім

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспары шеңберінде «Мерейлі отбасы — мемлекет тірегі» атты байқауы ұйымдастырылды.

Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының бастамасымен бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған шығармашыл ұстаздардың бастамасымен жүзеге асқан байқау жоғары дәрежеде өтті. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, «Үш одақ» жұмысын жандандыру мақсатында өткен байқауға ата-аналар қатысып, бақтарын сынады.

Үш кезеңнен тұрған сайыс барысында ата-аналар қауымы бейнеролик әзірлеп, эссе жазып, Отбасы тақырыбы төңірегінде өлеңдерді жатқа, мәнерлеп оқыды. Байқауды қорытындылаған мектеп директоры Раушан Алмаханқызы байқауға қатысқан ата-аналарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close