Қоғам

“ӘЙЕЛМЭН” КҮШІН ӘЛСІЗГЕ КӨРСЕТЕТІН ЕРКЕК

Лифт ішінде әлсіз әйелді жерге атып ұрып, тепкілеп жатыр. Соққының ауырлығынан бейшара келіншектің қарсылық танытуға қауқары жоқ. Еденде екі бүктеліп, үнсіз жатыр. Әлсізге әлімжеттік көрсеткен ез тебуін тоқтатар емес…

Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырғандар жуан жұдырықтың иесін жерден алып, жерге салды. Елден естігеніміз күшін әйелге көрсеткен еркек құрығы ұзын бизнесвумен Гүлайым Шунгараеваның ұлы екен. Гүлайым Шунгараева “Amanat”партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатына үміткер болған еді. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетінін айтқан еді. Ұзынқұлақтың айтуынша, бизнесвумен таныстарын араға салып, істі үнсіз жабуға әрекет етіп жатқан сыңайлы.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close