ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы.
2005 жылдың басына қарай республикадағы халықтың жалпы саны 15074,8 мың адамды құрады, соның ішінде әйелдер – 7817,9 мың адам (51,9 %), ерлер – 7256,9 мың адам (48,1 %). 1000 ер адамға орта есеппен 1077 әйелден келеді. Жасы 24-ке дейінгі аралықтағы халықтың гендерлік құрамы ерлердің сан жағынан артық екенін көрсетеді, себебі ұл балалардың қыз балаларға қарағанда туылуы көбірек. 25 жастан бастап ерлердің үлесі 50 %-дан кеми түседі, одан әрі, жас ұлғайған сайын бара-бара азая береді.
Қазақстанда адамның орташа өмір жасы 66,2 жылды, соның ішінде ерлердікі – 60,6 жылды, әйелдердікі – 72,0 жылды құрайды. Әйелдер ерлерден 11,3 жыл артық өмір сүреді. Әлеуметтік рөлдерді бөлудегі қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты өмірде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ерлерге қарағанда азырақ болады.
Қазіргі уақытта төрт әйел ғана министр, 8 әйел – министрдің орынбасары, 3 әйел – комитет төрайымы, 5 әйел – облыс әкімдерінің орынбасарлары, 1 әйел – аудан әкімі болып тағайындалған. Аудан әкімдері орынбасарларының арасында әйелдер 17 %-ды, ауылдық және кенттік округтер әкімдерінің арасында – 11 %-ды, олардың орынбасарларының арасында – 18 %-ды құрайды. Облыстар мен қалалар әкімдерінің арасында әйелдер жоқ. Мемлекеттік саяси қызметшілер арасындағы әйелдер санының 2000 жылғы 9,5 %-дан 2004 жылы 10,3 %-ға дейін біршама артуы байқалады. Бұл орайда биліктегі әйелдердің саны лауазымдық сатының жоғарылығына қарай кеми береді.
Әйелдердің Парламентте өкілдік етуі 1999 жылғы 11,2%-дан 2004 жылы 9,5%-ға дейін төмендеген. Мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидат әйелдердің саны 1999 жылмен салыстырғанда 16 %-ға артып, 2004 жылы 1619 адамды құраса да, жергілікті өкілді органдардағы әйелдердің саны 1999 жылғы 19,2%-дан 2004 жылы 17,1%-ға азайған. Әйелдер еңбек нарығында азырақ сұранысқа ие. 2004 жылы еңбекпен қамту қызметтеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша келгендердің ішінен әрбір алтыншы әйелге ғана жұмыс берілген. Жоғары және орта арнайы білімі бар 45 жастағы және одан үлкен әйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі мүлде аз. Қазіргі кезде жалданып жұмыс істейтін адамдардың жартысына жуығын әйелдер құрайды. Бірақ олардың еңбекақысы ерлердің еңбекақысының 61%-ын ғана құрайды. Мұның себебі, әдетте әйелдер денсаулық сақтау мен білім беру ісі сияқты дәстүрлі «әйелдер» салаларында еңбекақысы азырақ қызметтерде жұмыс істейді, 2004 жылы әйелдердің еңбекақысы тиісінше ерлердің еңбекақысынан 85% және 81%-ын құрады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен оларды нәпсі үшін пайдалану фактілері әлі жойылған жоқ.
Гендерлік аспектілер шешімдер қабылдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру процесінде жеткілікті ескерілмейді. Ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Үкіметтің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысымен Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары бекітілді, оның бүгінгі күні 85 %-ы орындалды. Әлеуметтік мәні бар проблемаларды шешуге отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін 300-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер белсене қатысады, олардың қатарында 150 әйелдер ұйымы бар. Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысы мынадай міндеттер қойды: билік органдарында шешімдер қабылдау деңгейінде мүмкіндігінше әйелдердің көп болуына ұмтылу; заңнаманы жетілдіру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету институттарын қалыптастыру, “Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы” Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануын жеделдету, әйелдерді қорғаудың құқықтық тетіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру; әйелдердің экономикалық өмірге белсенді араласуы үшін жағдайлар жасау; әйелдер үшін экономикалық жеңілдіктер мен артықшылықтар жасау, ана мен баланың денсаулығын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау, әйелдер үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің елеулі түрде артуын қамтамасыз ету; адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін әспеттеу.
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 60-тан астам халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады. Олардың қатарында Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция (бұдан әрі — СИДО) бар. СИДО-ны орындау жөніндегі Қазақстанның есебіне БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі комитеті жоғары баға берді. Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары санының ұлғаюы. Әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған кредиттік желіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әйелдердің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізуге деген ниеттілігі. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы, Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарының және Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасының қабылдануы. Қазақстан Республикасының Парламентінде «Отбасы» депутаттық тобының құрылуы. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі сектордың құрылуы. Гендерлік теңдік мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. Ұлттық заңнамаға гендерлік сараптаманың басталуы. “Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы”, «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы» Қазақстан Республикасында заңдары жобаларының және Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының әзірленуі.
Гендерлік теңдіктің қажеттілігін қоғамның жеткілікті түсінбеуі. Әйелдің қоғамдағы рөлі мен орны туралы қалыптасқан дәстүрлі таптаурын болуы. Мемлекеттік органдардың гендерлік теңдік саясатын мардымсыз іске асыруы. Заңнамалық базаның жетілмегендігі, гендерлік бағдары бар заңнаманың жоқтығы, ерлер мен әйелдердің аз жүзіндегі теңдігі. Ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі тең құқықтылығына қол жеткізудің тетіктерінің жетіспеуі. Мемлекеттік мекемелердің және ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі. Мемлекеттік органдарда шешімдер қабылдау деңгейінде және экономиканың түрлі салаларындағы еңбекақысы жоғары жұмыстарда әйелдерден өкілдік етуі нашар. Гендерлік саясатты іске асырудағы мемлекеттік мониторинг жүйесінің, сондай-ақ гендерлік талдаудың және гендерлік көрсеткіштердің болмауы. Статистикалық ақпарат көлемі мен оның пайдаланылуының жеткіліксіздігі.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өз елдеріндегі гендерлік теңсіздікті жеңу жөнінде міндеттемелер алды. Ел басшылығы шынайы гендерлік теңдікке қол жеткізуге белсенді түрде ықпал етуде. Экономиканың барған сайын өсе түсуі және халықтың әл-ауқатының артуы ерлер мен әйелдердің өз құқықтарын іске асырудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Түрлі елдердің гендерлік проблемаларды шешу жөніндегі тәжірибесін зерделеу үшін жағдайлар жасалуда. Үкіметтік емес ұйымдар өздерінің гендерлік теңдік проблемаларын шешу мәселелері жөніндегі қызметін жандандыруда. Гендерлік мәселелермен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатылуда.
Биліктің шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің көрінеу азшылығы олардың әділетті әлеуметтік қоғам құруға қатысу мүмкіндіктерін азайтады. Жұмысқа қабылдау, мансап сатысымен көтерілу, біліктілікті арттыру, кадрларды қысқарту және т.б. кезінде әйелдерді кемсіту. Халықтың елеулі бөлігінің құқықтық сауатсыздығы және құқықтық көзқамандығы. Білімнің жоғары деңгейі жұмыс істейтін маман әйелдерге лауазымдық өсу перспективаларына кепілдік бермейді. Халықтың гендерлік білімі мен танымының жеткіліксіздігі, бұл әйелдер мен ерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мүмкіндігін азайтады. Жұмыссыздар мен кедейлер арасында әйелдердің басым болуы. БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының соттарда қолдану тетіктерінің болмауы олардың құқықтарын қорғауды қиындатады.