Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков І-мөлтек аудан аумағын аралап, көпқабатты үйлердің тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ауыстыру бойынша берілген тапсырмасының орындалуын тексерді.

“Түркістан су” МКК директоры Ақниет Асылов қазіргі таңда бір үйдің құбыры жаңартылғанын жеткізді. Жалпы көпқабатты 39 үйде су құбырын ауыстыру көзделген. Қала басшысы қойылатын құбырлардың сапасына мән беруді тапсырды.
 Шаһар басшысы сондай-ақ, кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілген Әл-Фараби көшесінің қазіргі жағдайын бақылады. Мұнда абоненттік жүйе де тартылып аяқталған. Қазылған аумақтар табиғи тапталу кезеңінен өтуде. Ифрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы ескертулер бойынша атқарылған тірліктердің есебін берді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы жол құрылысын жүргізу барысында суағар жүйесін ұмытпауды ескертті:
— Жол төсеу кезінде көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін деген барлық ықтималдар назарға алынуы қажет. Суағарды жүргізу — жолдың тарылуына алып келмесін, жаңа тәсілдер ұсыныңыздар, — деп жауапты бөлімге бірқатар тапсырма жүктеді.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close