ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫН БАРЛАУ
Барлау ТЖ зардабын жою жұмыстарын жүргізуде, құтқарушылардың, зардап шеккендердің, халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды кезең болып табылады.
Барлаудың міндеттері:
- ТЖ аймағы мен сипатын анықтау;
- зардап шеккендердің табылу орны мен олардың жағдайларын анықтау;
- радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану дəрежелерін белгілеу;
- ТЖ аймағындағы нысаналардың (құрылыс, инженерлік қатынас жолдарын, байланыс желілерін, су көздерін) жағдайын бағалау;
- өрт ошақтарын табу;
- жұмыс орнына кіру жолдарын жəне зардап шеккеңдер мен халықты көшіру жолдарын анықтау;
- ІҚЖ жүргізу жоспарын анықтау.
Барлау тəжірибелі құтқарушының қатысуымен жер бетінде, əуе, су, жер асты, су асты тəсілдерімен жүргізіледі. Барлау мəліметтері жұмыс басшысына беріледі жəне картаға немесе нысана жоспарына түсіріліп, бақылау журналына енгізіледі. Барлаушылар радиация деңгейіне аспаптық дозиметрикалық бақылау ұйымдастырады, химиялық жəне биологиялық жағдайды, ластанған аймақты анықтайды жəне белгілейді, қираған, су басқан, бұзылған нысаналардың дəрежелерін анықтайды.
Жер бетіндегі барлау – барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу құтқарушылардың З-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, сонымен қатар жер беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып жəне бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны барлап, анықтайды. Жер бетіндегі барлаудың міндетіне адамдар тұра алатын жəне адамдар болуы мүмкін жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын табу, олармен байланыс орнату, кейбір жағдайларда – ауа кіретін саңылауларды тазалау, ақпараттар, азық – түлік, дəрі – дəрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер жүргізу, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт жағдайын анықтау кіреді.
Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В. МОК-1, МДӨ-11 жəне т.б.). Радиация деңгейі 0,5 Р/с жəне одан жоғары болса, жергілікті жер радиоактивті зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Р/с радиация деңгейіне дейін жеткізу жəне одан аспауы қажет. Машиналарда — 100 Р/с дейін одан асырылмайды, арнайы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Р/с дейін, ұшақтарда немесе тікұшақтарда 200 Р/с жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті зақымданған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сəулелену көлемі мен қорғану жəне қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентін есепке ала отырып, арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың əр 50-100 м сайын өткізіледі, сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15см) бір қашықтықта орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дəл анықтау үшін барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған сынаманың əр өлшемі, нақты орны мен уақытының нəтижесі тіркеу журналына жазылады.
Химиялық барлау қолда бар жəне жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дəрежесін белгілейді. Ол химиялық барлауға əскери аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауаның сынамасы ҚƏУЗ анықтау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда – топыракқа төгілген немесе сіңген жерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚƏУЗ жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шахталарға, жер төле ғимараттарына, шұңқырларға жəне т.б.) ерекше назар аударылады. Барлаудың негізінде зақымдану картограммалары жасалады.
Инженерлік барлау қирау дəрежесі мен сипатын, коммуналдық– энергетикалық жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің табылу орындарын, іздестіру – құтқару жəне авариялық – қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін көлемдер мен тəсілдерді анықтау үшін өткізіледі.
Инженерлік барлау:
- əуеде – ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар);
- жер бетінде – арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді жəне əдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін.
Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту ерекшелігінің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. Бұзылған жəне қираған ғимараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы жəне ғимараттың саңлаулары анықталады: олардың бұдан əрі бұзылу қаупінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту құрылысы жəне оларды жинау жұмыстарының көлемі белгіленеді.
Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, сонымен қатар деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, сыбдыр жəне сатұр – сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тындап көз жеткізу қажет.
Fимараттың жеке бөліктерін тексеру кезінде:
- тас құрылысын тексеру кезінде – қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа;
- темір бетон құрылысын тексеру кезінде – бетонның жəне арматураның жағдайына, жарықшаққа жəне деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, аркаға, жиналу құрылымына;
- металдан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтің майысуына жəне жарылуына, дəнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне;
- ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтерді сынуына, қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, құрылыс төбелерінің ісініп – иіліп төмен түсіп кетуіне жəне баған – тіректердің жағдайына ерекше көңіл аудару керек.
Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдын анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті жоюға ең қолайлы жолдар анықталады.
Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық – індеттік жағдайды анықтау үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, мекемелер жəне арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық барлау:
- зақымданған ошақ аумағын;
- биологиялық құралдарға индикация жүргізеді;
- зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды;
- зақымданғандарды емдеу мекемесіне жəне медициналық құрылымды барлау орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды;
- жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күш пен құралдардың санын анықтайды.
Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық–түліктердің зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану əсеріне душар болған адамдарды тауып алу, жасалатын жұмыстың көлемі мен сипатын анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, əртүрлі заттар мен нұсқалардың үстіңгі беттерін шайып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған жəндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады.
Іздестіру – құтқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де, ол аяқталғаннан кейін де жүргізіле береді. Оның əрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша барлауды тоқтатпау қажет.
Əуе барлауы ұшақтардың, тік ұшақтардың жəне басқа да ұшатын аппараттардың көмегімен, көзбен шолып қарау жəне дозиметрлық бақылау, суретке түсіру жəне теледидарлык трансляциямен жүзеге асырылады. Алынған ақпарат картаға түсіріледі немесе радио арқылы жұмысты басқарушыға хабарланады.
Су барлауы суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мəліметтерді алу жəне анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар, кемелер, су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты міндетіне:
- ТЖ сипатын бағалау жəне зерттеу;
- зардап шеккендерді іздестіру жəне оларға көмек көрсету;
- жоғалып кеткен немесе суға батып кеткен нысаналарды іздеу, олардың жағдайын бағалау жəне көмек көрсету нұсқаларын дайындау;
- суға радиологиялық жəне биологиялық бақылау жүргізу;
- жағдайларды білу жəне оның даму болжамын əзірлеу;
- дабыл белгілерін орнату;
- гидротехникалық ғимараттың жағдайын (тосқауыл, бөгет, шлюздер, су асты іргетастар) анықтау жатады.
Жер асты барлау жер астындағы (шахталардағы, метролардағы, үңгірлердегі, жер асты ғимараттарындағы) ТЖ туралы мəліметтерді зерттеу жəне анықтау мақсатында жүргізіледі. Оны жүргізу кезінде:
- жердің астына түсетін;
- жағдайды бағалап, ол туралы басқарушыға баяндайтын;
- зардап шеккендерді іздеп жəне оларға көмек көрсететін;
- жердің бетіне оралатын құтқарушылардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажет.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ІЗДЕУ – ЕРЕЖЕСІ, ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ
ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу жəне оларға бірінші медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Зардап шегушілерді іздеу, барлаудың нəтижесімен танысудан, жұмыс жүргізу аймағымен (орнымен) зерттеуден, ТЖ сипатын жəне іздеуді жүргізу əдісін анықтаудан басталады. Зардап шеккендерді іздеу тəсілдерінің негізгі қатарына жататындар: көзбен шолу, есту (дыбысты), жергілікті жерді барлау, барлап қарау, ізбен іздеу, көргендерден сұрау, əуеден іздеу, жануарларды арнайы құралдармен іздеу.
Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зардап шеккендерді іздеудің негізгі əдісі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан жəне зардап шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады.
Көзбен шолу əдісі. Көзбен іздеу барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады. Сонымен қатар, құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді. Көз жетерлік жерлерді көру үшін жергілікті жердің, шарттарын қолдану қажет: тауға, мұнай мұнарасына, үйдің төбесіне, ағашқа шығу. Көзбен іздеуді жүргізу үшін қолайлы жағдай – ауа райының ашық болуы. Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатқа сəйкес дүрбілер, ұлғайтқыш əйнектер, түнде көретін құралдар қолданылады. Олар адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда бақылау жүргізеді. Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кеңістіктерде, үңгірлерде, тұманда немесе түтінде көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, жарық түсіретін ракеталар қолданылуы керек.
Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу түнде істелінеді. Үлкен каланың жарықтары 60 км қашықтықта, тік прожектордың жарығы — 50 км қашықтықта, автомобиль фарының жарығы -10 км қашықтықта, алау оты — 8 км қашықтықта, электр фонарының жарығы — 3-4 км қашықтықта көрінеді. Күндіз бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20 км, елді мекендер -15-16 км, ірі үйлер -9-10 км, зауыт құбырлары 6-8 км, олардан шығатын түтін — 50 км, адамдар 1,5-2,0 км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең жəне қалыпты дем алу, бетті жəне желкені салқын су немесе қармен қайта – қайта сүрту көмегімен жоғарылатуға болады. Жарық – сəулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде пайдалану керек. Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, картаға енгізеді немесе штабқа жібереді.
Есту əдісі (дыбысты). Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқылы жүргізеді. Негізгі дыбысты дабылға жататындар: əңгіме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, алақанмен шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы. Дыбысты дабылдар жəне олардың естілу қашықтығы Кесте 1 көрсетілген.
Дыбысты дабылдар жəне олардың естілу қашықтығы
дыбысты дабыл | қашықтық |
Жарылыс | 2- 15 км |
Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена | 7-10 км |
Трактордың гүрілі | 3 — 7 км |
Мылтық дауысы | 2 — 3 км |
Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің үру | 2-3 км |
Адамның айқайы | 1,0- 1,5 км |
Құлаған ағаштың сатыры | 0,8 км |
ағаштарды кесу жəне аралау | 0,5 км |
Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты есту үшін барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты ақпаратты тындаулары керек жəне оның орны мен келген бағытын анықтап зардап шеккендерді іздеуге кірісулері қажет. Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести алмайтын болса, онда арнайы акустикалық құралдар қолданылады: жаңғырық, геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін (дем алу, ынырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап шеккендерді акустикалық құралдармен іздеу əдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда «Пеленг – 1» акустикалық құралын пайдалана отырып жақсы нəтижеге жетеді.
Іздеуді тоқтату туралы тек жұмыс жетекшісі ғана шешім шығара алады. Зардап шеккендерді іздеудің бір тиімді тəсілі көзімен көргендерден сұрау. Сұралатын адам ретінде зардап шеккендерді көрген, ТЖ туралы естіген адам тартылады. Көзімен көргендермен əнгіме кезінде келесі тақырыптар мен сұрақтар қозғалады:
- ТЖ орны, уақыты, масштабы, қолда бар уландырғыш заттар (УЗ), өрттер, қауіпті жарылғыш заттар;
- ТЖ аймағын зерттеу кезіндегі қиындықтар, зардап шеккен адамдар мен оларды көзімен көрген адамдардың соңғы кездескен жері мен уақыты;
- зардап шеккендердің қозғалу бағыты, зардап шеккен адамдардың алған жарақаты мен сынған жерлерінің сипаты.
Зардап шегушілерді іздеуге арнайы үйретілген кинологтардың иттері қатысады. Бұл тəсіл олардың табиғи иіс сезуі мен əрекет ету қабілетіне негізделген (үруі, дұрыс тұруы, үйреншікті қозғалысы). Іздеу кезінде иттер зардап шегуші болуы мүмкін жерлерді иіскейді (үйінді, көшкін, тар кеңістік). Бұл жануарларды пайдалану тиімділігі ауада түтіннің, бір иістің болуы кезінде төмендейді.
Іздеудің бір тəсілі, өзінің иіс сезімін пайдалануда құтқарушының ептілігіне байланысты. Түтіннің иісі бойынша оттың, үйдің, дамылдау орнының жанып жатқан жерін анықтауға болады; жақсы иіс сезімі ауадағы кейбір уландырғыш газдар – аммиактың, хлордың, көмірсутектің барын тамақ пен судың сапасын анықтайды. Зардап шеккендерді сезу көмегі арқылы іздеу затқа тиісумен ақпарат алуға негізделеді жəне лай суда, қарда көруі шектеулі болған жағдайларда қолданылады.
Техниканы пайдаланып іздеу.
Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда іздеуді тездету үшін ұшқыш аппараттарын, өзен (теңіз) кемелерін, жер техикаларын қолданады. Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда көзбен шолып іздеу үшін авиациялық техника пайдаланылады. Мұндай тəсіл көбінесе авиациялық, теңіз апаттарында, су басуларда, апатты өрттер кезінде тиімді. Іздестіруге қатысатын тік ұшақтар мен ұшақтар бортында зардап шегушілерді тапқан кезде тастайтын азық – түлік, жүзу құралдарының қоры болу қажет. Жеке жағдайда құтқарушыларды əуеден түсіреді.
Суда жəне судың астында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзі жүретін құралдар пайдаланылады. Акваторияны қарау көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады, ал суға батып кеткен нысаналар арнайы аспаптармен немесе сунгуірлердің көмегімен табылады. Ол адам үшін тіршілік ортасы бола алмайтындықтан, зардап шеккендерді судың астында іздеу ерекше сипатта болады. Арнайы аспаптарсыз адам судың астында шамамен 3-4 мин бола алады, ал суық суда бірненше минуттан кейін қаза болады. Бұл іздеу сүңгуірдің жабдықтарын, торларын, «имек темір», жүзу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Құтқарушылар іздеуді негізгі жергілікті жердің бет – бедерін тиімді қолдана отырып жүргізуі керек. Көзбен шолып қарауды ұзын ағаштың немесе таудың шыңына шығып жүзеге асырған жөн. Осы жерлерден дыбыс дабылдарын берген жақсы. Іздеу кезінде жануарлар мен құстардың іс – əрекетін пайдалануға болады (қорыққан жануарлардың немесе құстардың айқай шуы). Зардап шеккендерді тəулік бойы іздеуді ұйымдастыру мақсатында құтқарушылар жұмыс орындарын жарықтандырулары керек.
Бұл мақсатқа: ашық жалын (от, алау); автономды қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; стационарлы қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; жарық түсіргіштер; жарық түсіретін ракеталар; шамдар; білтелер, сіріңкелер, көліктердің жəне басқа техникалардың фарлары.
Зардап шеккендерді тапқаннан кейін құтқарушылар оларды қоршаудан босатуға кіріседі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- Көзбен шолу əдісі. Есту əдісі (дыбысты).
- Техниканы пайдаланып іздеу.
- Дыбысты дабылдар жəне олардың естілу қашықтығы.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ҚОРШАУДАН БОСАТУ
Зардап шеккендерді қоршаудан босату ІҚЖ – нің маңызды кезеңі болып табылады. Төменде оның негізгі тəсілдері мен жолдары көрсетіліп отыр:
- зардап шегушінің кеңістіктегі орыны мен жағдайын анықтау;
- зардап шегушілерге құтқарушылардың жетуін қамтамасыз ету;
- зардап шегушіні босатып шығару жəне алғашқы медициналық көмек көрсету.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зардап шегушіні босатарда басып кету синдромы
əсерін есте сақтаңыз – асығыс қимыл жағдайды қиындатуы мүмкін.
Зардап шегушілерді қоршаудан босату жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар оларды тасуға кіріседі.
Ғимараттар мен техника қирандыларының астынан зардап шегушілерді шығару кезінде қалай көмектесу керек.
Өлімге алып келетін құтқару – ғимараттың жəне техниканың қирандыларынан зардап шегушілерді дұрыс шығарып алмаған жағдайда кездесіп тұратын шарасыз үрейлі парадокс.
Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік.
Табиғи зілзала жəне апат аймақтарында құтқарушылар мен медқызметкерлердің жұмыс тəжірбиесі зардап шегушіні қирандылардың астынан тез алып шығу, құтқаруға əрдайым алып келе бермейді. Адам тəулік бойы басудың астында аяғымен тұрып босатқаннан кейін қайтыс болған жағдайда, құтқарушылардың түсінбестігін жəне өкінішін елестетуге болады. Басылып қалған аяқ – қолдардың қысылған қан тамырларында алмасу өнімдері жинақталып, ыдырау мен организмге аса улы келетін ұлпалардың зақымдануы болады.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Басу ұзағырақ болған сайын токсинді соққы қаттырақ болады жəне ажал жылдамырақ келеді.
Зардап шегушінің жарақат алған аяқ – қолдарына үлкен мөлшерде сұйықтық жиналумен де жағдайы нашарлап, ауруы күшейе түседі. Аяқтарын босату кезінде оған 2-3 литрге дейін плазма толады. Аяқ –қолдың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні жоғалады, ісік тығыздала бастайды əрі аяқ қаттылығымен ағашқа ұқсай бастайды. Жіліншіктің тамырының жиі соғуы байқалмайды. Сəл ғана қозғалыс тіпті сүйек сынуы болмаса да азапты ауру тудырады.
Басу синдромынан:
- аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде;
- ісік пайда болғанда жəне аяқ бұлшық етінің рельефі жоғалған кезде;
- егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қажет.
Зардап шеккендердің бірінші минутта жəне босатылғаннан кейін бірнеше тəуліктен кейін қаза болу себептері.
Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ–қолға (қан айналымының көлемі 30% дейін) етуі организмді айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл (организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал уытты ыдырау өнімдері жəне миоглобин зақымданған аймақтан қан тамыр арнасына бағытталады) барлық мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады. Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан шығарып алғаннан кейін бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне əкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет талшығының зақымдану нəтижесінде қанға бос миоглабиннің пайда болуы.
Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тəуліктің өзінде зəр ашық – қызыл түсті болады (зəрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тəулікте бүйрек жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зəрдің бөлінуі толығымен тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады.
Басу синдромының анық белгілері:
- босатылғаннан кейін жағдайының бірден едəуір нашарлауы;
- қызғылт немесе қызыл зəрдің пайда болуы.
Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тəртібі.
Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын бұрау салудан жəне аяқ – қолды сақтаудан құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, қолдан иыққа дейін) Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен плазманың көлемін шектейді.
Аяқ қолды босатқанға дейін:
- жылы сусын жəне ауыруын басатын дəрі – дəрмек беру;
- басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше).
Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар.
Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшық еттерді жəне ішкі органдардың ұзақ басылып жатуы – ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың əртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын жəне қан кетуді тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына жəне қарқынды пайда болуына, ұлпалардың бұзылуына, зат алмастыру өнімдерінің қышқылдануының тапшылығына əкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін босатқаннан кейін жəне қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне жəне басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары толады (кейде 3 – 4л). Аяқ – қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды жəне қан плазмаларын қайта бөлу организмнің барлық жүйесіндегі қызметтерге қысым келтіреді жəне ол зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыққанан кейінгі бірінші минутта өлуіне себеп болады. Зақымданған бұлшық еттерде уытты заттардың пайда болуымен қатар бір мезгілде миоглобин молекулалары пайда болады. Олар қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек жетіспеушілігіне əкеледі да содан адам өлуі мүмкін.
Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде басылып қалған жерді ісікті жəне таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған сүйектерге таңғыш тақтай қойылады, суық басылады, ауырғанын басатын дəрілер беріледі, міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте маңызды, бірінші – екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипатта жүреді жəне адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушылар мүмкіндігінше көп адамды босатып алулары керек.
Зардап шегушілерді басып қалу синдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету əдістері мыналар:
- апат болғанан кейінгі алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып қалудан босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді;
- екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа болу керек (жеңіл жараланғандар жəне ауыр жарақат алғандар). Жарақаттың сипаты басылып қалған ткандардың массасына жəне зардап шегушінің жалпы жағдайына байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қан айналымына түрткі болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай, рет –ретімен ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, зақымданған аяқ – қолдарды бинтпен таңып, суық басып, бұрау жəне таңғыш тақтайшалар салу керек.
Ауыр науқастар реанимациялық терапия жəне хирургиялық емдеу жүргізуді керек етеді. Сондықтан олар стационарлы емдеу мекемесіне жіберілулері керек. Егер ауыр науқастарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей кесуге кірісу керек.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ
Кез келген ТЖ жағдайын жою кезіндегі ІҚЖ – нің өте маңыздысы зардап шегушілерді тасымалдау.
Тасымалдаудың тəсілдері мен құралдары нақты жағдайлар мен шарттарды, соның ішінде ТЖ сипатын, зардап шегушілердің табылған орындарын, жарақаттану дəрежесін, қолда бар арнайы қажетті құралдарды жəне тасымалдау қашықтығын ескере отырып анықталады. Тасымалдау кезіндегі жанын жеген ауру зардап шегушілердің жағдайларын нашарлатады жəне есінен тандырады. Зардап шегушілерді тасымалдау əртүрлі ортада қауіпті жəне зиянды заттар бар болса (ауада, суда, сусымалы материалдарда) қолмен бір немесе бірнеше құтқарушымен арнайы құрылғы құралдарын жəне сол құралдарын пайдалану немесе оларсыз, көлденеңінен, еңкейтіп жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда тасымалдауды автомобильдік, авиациялық, темір жол, су, көлік транспорттарын пайдалу арқылы жүргізеді.
Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар:
- тасымалдау тəсілін анықтау;
- зардап шегушілерді арнайы құрылғыларға жəне қолда бар көлік құралдарына дайындау;
- жолды анықтау;
- зардап шегушілерді жəне құтқарушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- тосқауылдарды игеру, зардап шегушілердің жағдайын бақылау, демалуды ұйымдастыру;
- зардап шегушілерді көлік құралына тиеу.
Зардап шегушілерді тасымалдайытын əдістерді, құралдарды, жағдайларды тандауда басты кезекте жарақаттың түрлері, ауру сипаты орын алады. Дұрыс қабылданған шешім зардап шегушінің өмірін сақтап қалады олардың қиналуларын жеңілдетеді жəне тезірек сауығып кетулерін қамтамасыз етеді. Зардап шегушілерді арқасымен, ішімен, қырымен, жатқызып, отырғызып тасымалдайды. Сонымен қатар басы көтеріңкі немесе түсірулі, аяқтары созылған немесе бүгілген болуы мүмкін. Бұл мақсат үшін жұмсақ білікшелер қолданылады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың ең бір ұтымды ұсынылған жəне таралған əдісі зембілді пайдалану. Зембілдер штаттық (медициналық) немесе қолдан жасалған (ойдан шығарылған) болып келеді. Соңғысын жасау үшін ұзындығы 1,5-2,0м екі қада қажет (таяқ, шыбық) олардың арасына тығыздалған мата, пальто, шинель, арқанды байлап қою қажет.
Зардап шегушіні зембілмен екі, үш, төрт адам ғана алып жүре алады, сонымен қатар сақтықпен, зембілді теңселтпей, өр жəне құлама жерлерде үнемі зембілді дұрыс қалыпта (көлденеңнен) қадағалап отыру керек. Зардап шегушіні зембілге келесі түрде жатқызады. Бір құтқарушы қолын бастың жəне белдің астына, келесісі – жамбас пен аяқтың астына қойып бір уақытта көтеріп жатқызады. Əдетте зардап шегушіні аяғымен алға қарай жатқызады.
Тосқауылдарды игеру үшін (терезе ойығы, қираған қабырға, шарбақ) қажет:
- зембілді жерге тосқауылдың алдына қояды;
- зембілдің екі жағынан тұрып, қолмен зембілдің ағаштарынан ұстайды;
- зембілдің бас жағын аздап көтеріп оны бөгетке қояды;
- құтқарушының біреуі тосқауылды аттап өтеді;
- зембілді тосқауылдың үстімен бір мезгілде көтеріп əкеліп, оған жақын жақ аяғын түсіреді;
- тосқауылды келесі құтқарушы аттап өтеді;
- зембілді жерге қояды да бір мезгілде көтереді, қозғалыс осылай қайталана береді.
Осындай əдістермен жарықтардан, шұңқырлардан, саңылаулардан да өтеді.
Зардап шегушіні зембілмен биіктіктен түсіру қажет болған жағдайда оны
зембілге берік байлап қою қажет. Түсіру тік немесе көлденең жағдайда жүзеге асырылады. Тасымалдау уақытында құтқарушылар үнемі зардап шеккендердің жағдайына (дем алуына, тамыр соғуына, өзін ұстауына) көңіл аударуы керек жəне егер бұл қажет болса медициналық көмек көрсету қажет (жасанды дем алдыру, дəрі жіберу, жүрекке массаж жасау, ауырсынуды басу). Тасымалдау кезінде үлкен қашықтыққа дем алуға, тамақ ішуге жəне гигиеналық шаралар жүргізуге уақыт бөлу қажет.
Жылдың суық уақыттарында суықты ескерту үшін шаралар қолдану керек (зардап шегушіні қалың матамен жабу, жылы сусын беру, жылытқы пайдалану). Зардап шегушіге құтқарушының сенімді іс – əрекеті, оның моралдық – психологиялық қолдауы өте маңызды.
Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдауда дұрыс кезекті таңдау төтенше маңызды. Бұл жерде негізгі белгі зақымданудың ауырлығы жəне адамның жағдайы. Бірінші кезекте балалар мен ессіз жəне есеңгіреу жағдайындағы, ішіне қан кеткен, аяқ– қолдары кесілген, ашық сынықтармен, күйіктермен, ұзақ басылып қалу синдромымен, операциялардан шыққан аурулар тасымалданады. Содан кейін жабық сынықты, сыртына қан кеткен зардап шеккендер тасымалданады. Олардың соңынан аз қан кеткен, жараланған, буыны шыққандар тасымалданады.
Зардап шегушілерді тез арада емдеу мекемесіне жеткізу үшін арнайы медициналық немесе əдеттегі көлік пайдаланылады. Зардап шеккендерді жүк таситын көлікте тасымалдау зембілде немесе тікелей жүзеге асырылады. Бірінші кезекте ауруы қатты науқастарды басын кабинаға қаратып тиеиді. Бос орындарға жеңіл жарақат алғандар отырғызылады. Зембілсіз тасымалдау кезінде алдымен оған балласттар себеді (топырақ, құм, сабан). Балласттардың үстіне жұмсақ төсемдер (матрастар кілемдер, поролондар) салынады.. Зардап шеккендерді теміржол вагонына тиеу тамбур немесе терезе арқылы жүзеге асырылады. Ең əуелі адамдарды үстіңгі, ал содан кейін төменгі тақтаға орналастырады. Барлық зардап шеккендер жарақаттың ауырлығымен топталады осыған байланысты тиеудің кезегі анықталады. Су жəне əуе көлігімен тасымалдау жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жұқпалы аурумен ауырған ауруларды қоршаған ортамен байланыстырмайтын тəсілмен тасымалдайды. Зардап шегушілерді тиеуді бірнеше құтқарушылар жүзеге асырады.
Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы жарақаттың жəне зардап шеккеннің жағдайына қарап анықталады.
Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары
Жарақаттың түрлері | Қалып |
1 | 2 |
Бастағы мидың шайқалуы | Шалқадан жаткызып |
Бастың жəне беттің алдыңғы бөлігіндегі
жарақаттар |
Шалқадан жатқызып |
Омыртқаның зақымдануы | Шалқадан жатқызып |
Жамбас сүйегінің жəне төменгі аяқ –
қолдардын сынуы |
Шалқадан жаткызып |
Есіңкіреу жағдайында | Шалқадан жаткызып |
Ішек – қарын мушелерінің жарақаттары | Шалқадан жатқызып |
Төстің жарақаттануы | Шалқадан жатқызыл |
Төменгі аяқ – қолдарды кесу | Жарақаттанған аяқтың астына |
білік қойып шалқадан жатқызып | |
1 | 2 |
Шұғыл хирургиялық аурулар (соқырішек, ойық, жарық, жарықтың
шығып кетуі) |
Шалқадан жатқызып |
Қансырау | Төстің жəне бастың астына білік
қойып ішпен жатқызып |
Арқаның жарақаттануы | Іш пен немесе он жақ бүйірімен |
Бастың желке бөлігінің жарақаты | Ішпен жатқызып |
Мойынның жарақаты | Басын төске еңкейіп жартылай
отырғызып |
Аяқ – қолдардың ұштары кесілгендер | Отырып қолды жоғары көтеріп |
Көздің, кеуденің, тыныс алу жолдарының
жарақаты |
Отырғызып |
Аяқ – қолдардың ұштарының жарақаты | Отырғызып |
Жараланған, кесілген, терісі
сыдырылғандар |
Отырғызып |
Арқаның, бөксенің, аяқтың үстіңгі
жағының жарақаты |
Ішпен жатқызып |
Иық жарақаты | Отырғызып |
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ІЗДЕУ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ
Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары. Жердің əуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, əуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, əскери жəне арнайы тапсырмаларды орындайды. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы жəне санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, апатқа ұшырайтын əуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.
Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың жəне қаза болудың негізгі факторы, соққыдан жəне өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, əуе кемесінің құлаулары.
Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан əуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі.
Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) əуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты əрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Əуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей əуе кемесінің қирау дəрежесіне, жылудан зақымдануына жəне өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс
- қимылының ұйымшылдығына жəне үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты.
Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.
Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Əртүрлі топтағы əуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір – бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа жəне авариялық шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сəйкес (ИКАО) барлық жолаушылар
ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде əуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адамдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады жəне ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.
Əуе кемесінің бортынан көшіру.
ТЖ кезінде əуе кемесінің бортынан адамдарды жəне экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды жəне өрт сатыларын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Əуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары. Əуе кемесінің бортынан көшіру жолдары Сурет 3. көрсетілген
ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру жəне люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке жəне Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға жəне басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 сек ішінде газға толады жəне жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен жəне ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.
Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік жəне запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған
«қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек жəне науаның ілмектерін есіктің үстіңгі жəне төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, əуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі.
Əрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады.
Ил – 86 жəне Як – 42 ге жолаушыларды жəне экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил –
86 да екі жолды басқыш бір уақытта əуе кемесінен шығуы мүмкін жəне басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін.
Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді жəне олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, əйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды.
Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады жəне арқанның көмегімен жерге түсіреді.
Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды жəне экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық жəне жүк бөлмелерін жəне экипаж құрамын тексереді, əйтпесе оларды құтқарылғандардың мəліметтерімен салыстырады жəне тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады.
Авиакөліктегі өрттер.
Өрт қоса шыққан авиациялық оқиға ерекше қауіп төндіреді. Өрттің шығуына келесілер мүмкіндік береді:
- бортта авиациялық отынның жəне басқа да жанармай сұйықтықтарының болуы;
- жолаушы салонындағы декоротивті өңдеуге жəне құрылыс материалдары ретінде айтарлықтай тез тұтанатын жəне түтінді көп шығаратын жəне толық жанып бітпеген улы зат болу қасиетіне ие материалдарды пайдалану;
- əуе кемесінің айналасына тез өртенетін авиациялық жанармайдың төгілуі кезінде сырттың тез жануына жəне оттың салон ішіне кіруіне алып келетін фюзеляж қабының отқа төзімсіздігі.
Жолаушылар салоны ішіндегі өрт жабық аумақтағы өртке жатады. Өрт кезінде салон ішіндегі адамдардың зақымдануының негізгі себебінің бірі өртенген өнімдермен улану болып табылады. Екі оксидтті көміртек тарағаннан кейін 2-3 минуттан соң салонда адам өліміне əкелетін концентрацияға жетеді. Салонның ішіндегі өртті сөндіру, жолаушыларды жəне экипаждарды құтқару, есікті, қанат үстіндегі люктерді жəне фюзелюждың қаптамаларын ашудан жəне құтқарушылардың апаттық кеменің ішіне кіруден басталады. Фюзеляжды ашу кезінде өрттің қарқыны артады жалынмен жəне өрттің температурасымен алынған кеңістік көлемі лезде үдеп кеңейеді.
Құтқарушылар ыстықтан жəне газ түтіндерінен қорғайтын жеке құралдармен, жұмыс жеңқап сызықтарымен, көбіршік шығаратын ерітінділермен, жəне жабылатын оқпандармен (РС-Б, РСК-50, КР-Б саптамасымен НРГ-5 жəне т.б.) жабдықталулары керек. Салонды қою түтіннің қаптауы жəне токсинді заттардың болуы зардап шегушілердің де құтқарушылардың да жағдайын қиындатады. Сондықтан құтқарушылар көру мүмкіндігі шектеулі, токсинді заттардың жоғары концентрациясында жəне айтарлықтай температурада келісіммен əрекет етуі тиіс.
Айтып кеткендей, əуе кемесі ішіндегі өрт кезінде жолаушьшар салонының биіктігінде температура қаншалықты тез жайылса, онда құтқарушылар өртті сөндірудің алғашқы сатысында, орта көлемді температура төмен түскенге дейін, еңкейіп жүріп, жолаушылар салонының үстіңгі температуралық қабатын салқындата отырып жұмыс істейді. Түтінді ауада жұмыс істеу кезінде бір құтқарушы фюзеляждың сыртында болуы керек жəне кеменің ішінде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар сияқты онда да қорғаныс құралдары болу қажет. Оның міндетіне түтінді салондағы құтқарушылармен байланыста болу, зардап шегушіге жəне қажет болған жағдайда басқа да құтқарушыларға дереу көмек көрсету кіреді.
Апат аймағынан зардап шегушілерді шығарып алғаннан кейін
оларды одан ары тану үшін қаза болғандардың сүйектерін жинауға кірісу керек. Тек осыдан кейін ғана əуе кемесін жəне ол тасымалдауға алып бара жатқан жүктерді құтқаруға кіріседі. Егер жүктер жоғары материалдық жəне мəдени құндылыққа ие болса, сондай – ақ аса қауіпті жүктер ерекше жағдай (жарылыс қауіпі бар жəне радиоактивті заттар, ҚƏУЗ жəне т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайда адамдарды жəне жүктерді құтқару бір уақытта жүргізіледі. Кейбір авиациялық апатарда əуе кемесінің бортында болғандардың бəрі қаза болады. Бұндай апат орындарында құтқарушылардың жұмысы қаза болғандардың сүйектерін іздеуге, əуе кемесінің сұлбасын жəне «қара жəшік», ТЖ даму суретін қайта жасаудан аспайды.
Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу. Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:
- теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);
- теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар);
- теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.
Теміржол көлігінің ерекше сипатына:
- жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы — 80-100 т.;
- составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;
- жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер);
- қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспечерлік қызмет ету).
Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.
Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде əртүрлі авариялар мен апаттардың болуына əкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы жəне өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар. Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.
Апат орнына құтқарушылар келгенде:
- барлау жүргізіледі жəне жағдайды бағалайды;
- қауіпті аймақ шекарасын анықтайды жəне оған қоршау орнатады;
- зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;
- ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру жəне т.б.).
Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою.
Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.
Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы жəне вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Əдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.
Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:
- вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан жəне арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;
- зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын жəне көшірілуін ұйымдастыруға, зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.
Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сығылысып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын жəне ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе əйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.
Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады. Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын жəне жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Əсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дəлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5- 6т) жəне жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бəрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді жəне оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.
Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына жəне жолдардың бұзылуына əкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.
Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін жəне оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.
Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ. Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігі.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда жəне елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу жəне құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады.
Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына əкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын əдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.
Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.
Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), əйнектердің тұтас сынуына əкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дəрежесі жəне кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына жəне соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл автомобиль қарама –қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге жəне салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына əкеледі.
Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нəтижесі – есіктердің жəне кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына əкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.
Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.
Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын (автомобиль,поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді.
Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Əсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едəуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына жəне басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.
Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру жəне ауыстыру, əртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді жəне автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру жəне залалсыздандыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың жəне арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін жəне олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді.
Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары. Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға жəне қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең əуелі көмек қысылмаған, тек автомобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.
Болған оқиғаларға байланысты табақ жəне темірлер, əртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.
Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.
Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу. Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі əдіс қолданылады.
- автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің жəне жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді;
- жер асты жолын салады.
Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу:
- – иінтіректің көмегімен;
- – кранмен;
- – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен.
Су көліктерінде ІҚЖ жүргізу. Суда орын алған ТЖ барлығы өзіне тəн ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда:
- тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір–бірінен əр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары;
- су апатының жиі əсер етуі, тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі;
- үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымалдау.
Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып:
- аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы;
- кеменің қалқығыштығының жоғалуы;
- басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке);
- өрттер мен жарылыстар, апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері жəне ҚƏУЗ судың бетіне ағуы;
- адамның борттан құлауы.
Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады.
ІҚЖ жедел ұйымдастыру жəне жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет:
- ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын жəне жалпы жағдайын;
- кеменің жағдайын, зардаптың себебін жəне ТЖ болуы мүмкін түрлерін.
Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен, яхталармен немесе əуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады.
Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, судағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде əртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі.
Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан. Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тəсіл арқылы өтуді жүзеге асырады:
- сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) жəне көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кəрзеңкелерді пайдаланып;
- иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы;
- тікұшақты пайдаланып.
Зардап шеккендерді көшіру.Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқарушылар кемеге қайықпен келеді жəне оның бортына лебедканың жəне арнайы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында жəне зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады.
Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – əрекеттер. Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ жəне зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы жəне құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады.
Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды.