ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Тұрақты сыртқы су құбыры желiсiн жүргізу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiру су айдындары мен басқа да су көздерiн салу бойынша негiзгi құрылыс жұмыстары басталған кезде оларды өрт сөндiру үшiн пайдалануға болатындай есеппен жүргiзiледi.
Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынып жатқан объектiдегі орналастыру орындары жобалау құжаттамасында анықталады. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде үстіңгі көзді) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге арналған су көлемi «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнде көрсетiлгеннен екi есе артық көзделеді. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады. Салынып жатқан әрбір объектіде өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі туралы тақта, өрт болған жағдайда жұмыс істейтін іс-қимылдар туралы жад- нама, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік есептоптарының тізімі, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту тәртібі ілінеді. Құрылыс аумағының көрінетін жерлерінде, «Өрт дабылы» деген жазуы ілінген, дабыл беру үшін дыбыс сигналдары көзделеді.
Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздері (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіреберістер тұрақты жарамды күйде күтіп ұсталады. Өртке қарсы су құбыры желілерінің, өрт гидранттары мен өрт крандарының су жіберуі мен жұмыс қабілеттілігі жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) тексеріледі. Өрт гидранттары жарамды күйде ұсталады, ал қысқы уақытта жылы оралады және қар мен мұздан тазартылады. Су құбыры желісінің учаскелері ажыратылған, гидранттар бұ- зылған немесе желідегі қысым қажетті мөлшерден азаюы кезінде су арна- сының (елді мекендердің су құбыры желілері бойынша) диспетчері немесе объектінің (ұйымның немесе кәсіпорынның су құбыры желілері бойынша) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін адамы бұл туралы өртке қарсы қызметке хабарлайды. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің (оның ішінде өрт гидранттарының, өрт сөндіру су қоймаларының), өрт сөндіру машиналарын орнатуға арналған пирстардың орналасу орындары, өрт сөндіру машиналарын ғимараттар мен құрылыстардың өрт түтіктеріне қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлеріне бағыттау стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.
Жерасты өрт гидранты орналастырылған жердің жанында «ӨГ» әріптік индексі, нұсқағыштан бастап гидрантқа дейінгі метрдегі қашықтық цифрлық мәндермен жазылған жарықтандырылған немесе флуоресцентті нұсқағыш орнатылады. Өрт сөндіру су қоймасында «ӨС» әріптік индексі, шаршы метрлердегі су қорының цифрлық мәндері және бір мезгілде су қоймасы алаңында қойылатын өрт сөндіру автомобильдерінің саны жазылған ұқсас нұсқағыш орнатылады. Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерінің өрт крандары клапаны бар бұру тетігі үй-жайдың еденінің үстінен 1,35 ± 0,15 м биіктікте болатындай етіп орнатылады, түтікқұбырмен және оқпандармен жабдықталады және пломбаланатын өрт шкафтарына салынады. Қосарланған өрт крандарын бірінің үстінен бірін орнатуға жол беріледі, бұл ретте екінші кран еденнен кемінде 1 м биіктікте орнатылады. Шкафтың есігінде «ӨК» әріптік индексі және реттік нөмірі көрсетіледі. Өрт түтікқұбырлары құрғақ, жақсы оралып немесе бүктеліп жиналып крандар мен оқпандарға жалғанып ұсталады. Сорғы станциясының үй-жайларында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жалпы схемасы және сорғыларды байлау схемасы ілінеді. Әрбір ысырмада және өрт сорғы-көтергіште олардың мақсаты көрсетіледі. Сорғы-көтергіштерді қосу тәртібі техникалық нұсқаулықтарда анықталады.
Өрт сорғыларының электр қозғалтқыштарын қоректендіру кәсіпо- рынның электр жабдықтауымен үздіксіз қамтамасыз етіледі.Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде электр жетегі бар ысырмалар көзделеді, ысырмаларды ашу өрт шкафтарында орнатылған түймелерден жүргізіледі және өртке қарсы су құбырының сорғы-көтергіштері болған жағдайда, оларды іске қосуды бұғаттайды. Су өлшеу құрылғыларының суландыру желілерінде орнатылған электр жетегі бар ысырмалардың жұмыс қабілеттілігі жылына кемінде екі рет, ал өрт сорғылары ай сайын тексеріледі. Өртке қарсы мақсаттарға арналған сорғы қондырғылары қолмен және қашықтықтан басқарумен, ал биіктігі 50 м-ден асатын ғимараттар, мәдени-ойын – сауық мекемелері, конференц залдар, акт залдары үшін және спринклерлік, дренчерлік қондырғылармен жабдықталған ғимараттар үшін қолмен, автоматты және қашықтықтан басқарумен көзделеді. Өртке қарсы мақсаттар үшін сорғылар автоматты немесе қашықтықтан іске қосу дабылымен қатар, өрт кранын ашумен, спринклерлік суландырғышты ашумен немесе дренчерлік жүйені қосумен (қолмен немесе автоматты) бір мезгілде су құбырының кірмесіндегі су өлшегіштің айналма желісінде электрлендірілген ысырманы ашу дабылымен қамтамасыз етіледі. Табиғи немесе жасанды су көздері (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерін орнату және су жинау үшін өлшемі кемінде 12 х 12 м қатты төсемі бар алаңдарымен (пирстарымен) кіреберістермен қамтамасыз етіледі. Жасанды су қоймаларын, су көздеріне кіреберістер мен су жи- нағыш құрылғыларды үнемі әзірлікте ұстауды құрылыстардың меншік иелері қамтамасыз етеді. Су мұнаралары жылдың кез келген уақытында өрт техникасының су алуы үшін бейімделеді. Өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қорын шаруашылық және өндірістік қажеттіліктер үшін пайдалануға жол берілмейді. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы (өрт гидранттары, өрт крандары, сумен және көбікпен өрт сөндіру түтіктері, сондай-ақ су бүрку құбыр жүйелері) пайдалануға қабылдаудың алдында және жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) техникалық қарап-тексеріледі, су жіберу арқылы олардың жұмыс қабілеттілігі (су беруі) тексеріледі.
Техникалық қарап-тексеруге жатады:
- механикалық зақымдардың (сызаттардың, жарықшақтардың және тағы басқаларының) бар-жоғын анықтау, лак-бояу жабынының тұтастығын айқындау мақсатында өрт кранын қарап-тексеру;
- жиынтығын тексеру;
- өрт түтік құбырының кранға және оқпанға жалғану дұрыстығын және оларды алып-салудың жеңілдігін бақылау;
- өрт оқпаны мен крандағы, түтікқұбырдағы және түтік бағанындағы жалғама бастиектердің резеңке төсемшелерінің жай-күйін тексеру;
- кранның су беруіне гидравликалық сынақтарды жүргізу және (немесе) түтіктерге су беру;
- қысымды жоғарылататын сорғыны қосатын, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырының жиекті желісіндегі электр ысырмасын ашатын түй- менің жарамдылығын тексеру;
- өрт сөндіру түтікқұбырының оралуы;
- өрт кранының пломбалануы.
Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды сынау +5оС-ден төмен емес температурада жүргізіледі. Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің су беруін техникалық қарап-тексеру және тексеру нәтижелері, актімен және сынау хаттамасымен рәсімделеді. Су өткізу желісінің су беруін тексеру актісінің, өрт гидранттарын тексе- ру актісінің, ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін сынау актісінің, су беруді сынау хаттамасының және өрт крандары клапандарының жұмыс қабілеттілігін сынау хаттамасының нысандары осы