Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚ

Түркістан облысы еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі.Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Министрлік таратқан ақпаратта Түркістан облысынан бөлек, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы, әсіресе Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы қаласы және Жетісу облысы ең сейсмикалық қауіпті аймақтар саналады. Бұл өңірлердегі сейсмологиялық жағдай тұрақты бақылауда, себебі Орталық Азиядағы сейсмикалық белсенділік дәл осы аймақтарда жоғары екен.

Жер сілкінісі – жер асты соққылары (дүмпулері) және жердің үстіңгі қабатының теңселуі, оның ішіндегі энергия процестерінің қозуынан пайда болады (басты себепі тектоникалық).

Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аймақтары жоғары потенциялық сейсмикалық қауіпке шалдыққан. Шкафтарды, сөрелерді және стеллаждарды бекітіңіздар, ал жоғарғы сөрелерден және антресольден ауыр заттарды алып тастаңыздар. Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, жеңіл тұтанатын сұйық заттарды) берік, жақсы оңашаланған жерде сақтаңыздар. Барлық тұрғындар электр желісін, газ бен суды сөндіру қажеттілігі туған жағдайда рубильниктің, магистральді газдың және су құбырлары шүмегінің қайда екенін білу қажет. Өзінің қиратушылық зардаптарымен жер сілкінісіне тең келетін табиғи апат жоқ. Жер шарының барлық сүтіңгі қабаты жер қыртысының бірнеше үлкен бөліктеріне бөлінеді, олар  тектоникалық  плиталар  деп  аталады.  Бұлар:  солтүстік  америкалық, евроазиялық, африкалық, оңтүстік америкалық, тынық мұхиттық және атлантикалық плиталар. Тектоникалық плиталар үнемі қозалыста болады (ашылуы, жиырылуы немесе біреуі басқасына қарағанда сырғу мүмкін), және ол жылына бірнеше сантиметрді құрайды. Жер сілкінісі осы плиталардың соқтығысуы нәтижесінде пайда болады және жердің үстіңгі қабатының қатпарлары, жарықтары және т.б. түріндегі өзгеруімен ілеседі, олар үлкен қашықтыққа жайылуы мүмкін. Жер сілкінісі кезінде әйнектері жарылады және ұшып кетеді, сөрелерден олардың үстінде жатқан заттар құлайды, кітап шкафтары шайқалады, люстралар теңселеді, төбеден балшықтар түседі, ал қабырғалар мен төбелерде жарықтар пайда болады. Осының бәрі құлақ тұндыратын шумен ілеседі. 10-20 секунд селкілден кейін жерасты дүмпілдері күшейеді, соның нәтижесінде ғимараттар мен салынымдардың қирауы басталады. Небәрі оншақты қатты сілкіністер барлық ғимаратты қиратады. Орта есеппен жер сілкінісі 5-20 секунд қана болады. Сілкіністер неғұрлым ұзағырақ созылса, соғұрлым заладар да ауыр болады.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек

Үйде, жұмыста, кинода, театрда, көлікте және көшеде болғанда жер сілкінісі кезінде әрекет жасау жоспарын алдын ала ойластырыңыздар. Өз отбасыңыздың мүшелеріне жер сілкінісі болған кезде олардың не істеу керек екенін түсіндіріңіздар және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіздар. Ыңғайлы жерде құжаттарды, ақшаны, қалта шамын және қосалқы батареяны ұстаңыздар. Үйде ауыз суының және консервалардың бірнеше күнге жететін қоры болу керек. Кереуеттерді терезеден және сыртқы қабырғадан алып тастаңыздар. Пәтердегі

Жер сілкінісі кезінде қандай әрекет жасау керек

Ғимараттың теңселгенін сезініп, шам-шырақтың шайқалғанын, заттардың құлағанын көріп, көбейіп келе жатқан шуды және сынған әйнектің шылдырын естіп, абыржымаңыздар (Сіздердің бірінші сілкілді сезген сәттен ғимараттар үшін қауіпті тербелістерге дейін Сізде 15-20 секунд бар). Құжатарды, ақшаны және бірінші кезектегі заттарды алып, ғимараттан тез арада шығыңыздар. Үй- жайдан шыққанда лифтпен емес, баспалдақпен түсіңіздар. Далаға шығып – сонда болыңыздар, бірақ ғимараттың жанында тұрмаңыздар, ашық жерге орын ауыстырыңыздар. Тыныштық сақтаңыздар және басқаларды сабырлыққа шақырыңыздар! Егерде Сіздер амалсыз үй-жайдың ішінде қалып қойсаңыздар, онда қауіпсіз жерге тұрыңыздар: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырғаның саңылауында немесе аралық тіреуде. Мүмкіндік болса, үстелдің астына жасырыныңыздар – ол сізді құлап жатқан заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезеден және ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыздар. Шамды, сіріңкені, шақпақты қолданбаңыздар – газ шыққан кезде өрт болуы мүмкін. Салбырап тұрған балкондардан, карниздерден, жақтаулардан аулақ тұрыңыздар, үзілген сымдардан қауіптеніңіздар. Егерде Сіздер автомобильде болсаңыздар, ашық жерде қалыңыздар, бірақ сілкініс аяқталғанша дейін автомобильден шықпаңыздар. Басқа адамдарды құтқарған кезде көмек көрсетуге дайын болыңыздар.

Жер сілкінісінен кейін қандай әрекет жасау керек

Көмекке мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіздер. Жеңіл босатылатын үйінділерге түскендерді босатыңыздар. Абай болыңыздар! Балалардың, аурулардың, қарт адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер. Оларды сабырлыққа шақырыңыздар. Өте қажет болмаса телефонды көп ұстамаңыздар. Радиокөрсетілімді қосыңыздар. Жергілікті өкімет билігінің, табиғи апаттың зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыздар. Электр сымдарында бұзылған жерлер бар ма, тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыздар немесе пәтердегі электрді сөндіріңіздер. Естеріңізде болсын, қатты жер сілкінісі кезінде қаладағы электр қуаты автоматты түрде сөндіріледі. Газ және су құбырларының тораптарында бұзылған жерлер бар ма, тексеріңіздер. Ақаулықтарды жойыңыздар немесе желісін сөндіріңіздер. Ашық отты пайдаланбаңыздар. Баспалдақпен түсіп бара жатып, абай болыңыздар, оның беріктігіне көзіңіз жетсін. Зақымданған ғимараттарға жақындамаңыздар, олардың ішіне кірмеңіздер. Қайталанатын қатты сілкіністеге дайын болыңыздар, өйткені жер сілкінісінен кейінгі 2-3 сағаттар ең қауіпті болады. Соншама қажет болмай жатса ғимараттарга кірмеңіздер. Қайталанатын сілкіністердің қайталануы туралы ойлап таппаңыздар және ешқандай сыбыстар таратпаңыздар. Нақты мәліметтерді қолданыңыздар. Егерде Сіздер үйіндінің арасында қалып қойсаңыздар, жағдайды асықпай бағалаңыз, мүмкіндігіңізше өздеріңізге медициналық көмек көрсетіңіздер. Үйінділерден тыс жерлердегі адамдармен байланыс жасауға тырысыңыздар (дауыспен, тарсылмен). Естеріңізде болсын, от жағуға болайды, унитаздың бөшкесінен су ішуге болады, ал тұрбалар мен батареяны белгі беру үшін пайдалануға болады. Күштеріңізді үнемдеңіздер. Адам тамақсыз жарты айдан астам уақты өмір сүре алады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close