ЛАЙ КӨШКІНІНЕН САҚТАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Түркістан облысы лай көшкіні жүруі мүмкін аймақтардың бірі. Мәселен 2020жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол ауылының шетінде 2,2 мың текше метрге жуық лай көшкіні жүрді. Жауын-шашынның көп түсуінен көлемі 2000-2200 м3, ұзындығы 120 метр, ені 17 метр, орташа тереңдігі 1 метр болатын лай көшкіні елді мекенге қарсы бетке қарай жылжыған.
Лай көшкіні – тау жыныстары массасының өз салмағының және тау баурайларының шайылуының нәтижесіндегі қосымша жүктеменің, тау жыныстарының ылғалдануының, сейсмикалық соққылар мен басқа процестердің әсерінен жылжуы.
Лай көшкіндерінің себептері көбінесе тау баурайларының шайылуынан, оның көптеп жауған жауын-шашыннан, жер сілкінісінен немесе адамның қызметтерінен болады (жарылыс жұмыстары және т.б.). Лай көшкінімен келтірілген тау жыныстарының едәуір массаларының көшуі, зілзалалық зардаптарға және табиғи апаттар сипатына алып келуі мүмкін. Лай көшкіндері жеке объектілерді бұзуы және елді-мекендерге қауіп тудыруы, ауылшаруашылық жерлерін құртуы, карьерлерді пайдаланған кезде қауіп төндіруі, коммуникацияны, туннельдерді, тұрба құбырларын, телефон және электр желілерін зақымдауы, су шаруашылық салынымдарына қауіп төндіруі мүмкін (плотиналармен).
Лай көшкіні ауыр салмақтың әсерінен тау баурайлары бойынша тау жыныстары массаларының төмен қарай сырғанап көшеді. Бұл, көбіне, тау баурайларымен бір «дене» болып төмен қарай көшетін тау жыныстарының үлкен блоктары. Егерде тау баурайы тау жыныстарының бірнеше қабаттарынан тұрса, лай көшкінінің «табаны» суға сінген қабат бойынша немесе жарық бойынша сырғиды. Сондықтан да көктемде және жаңбыр ұзақ жауғаннан кейін лай көшкіндері «тіріледі».
Лай көшкініне қалай дайындалу керек
Лай көшкіндерінің болуы мүмкін жерлер және болжалды шекералары туралы ақпаратты зерделеңіздер, лай көшкінінің пайда болу қаупі туралы ақпарандыру белгілерін, сондай-ақ осы белгі беру кезінде әрекет жасау тәртібін есте сақтаңыздар. Басталып келе жатқан лай көшкіндерінің себептері ғимараттардың есіктері мен терезелерінің сыналануы, лай көшкінінің қаупі бар баурайлардан судың ағып тұруы болып табылады. Лай көшкінінің пайда болу себептері көрінген кезде ол туралы лай көшкіні станциясының жақын орналасқан бекеттеріне хабарлаңыздар, ол жақтан ақпарат күтіңіздер, ал өздеріңіз жағдайға байланысты әрекет жасаңыздар.
Лай көшкіні кезіндеқандай әрекет жасау керек
Лай көшкіндерінің болуы мүмкін қаупі туралы белгі алған кезде электр құралдарын, газ құралдарын және су құбырларының желісін өшіріңіздер, алдын ала әзірленген жоспар бойынша шұғыл эвакуацияға дайындалыңыздар. Лай көшкіні станциясымен анықталған лай көшкінінің жылжу жылдамдығына байланысты қауіпке сәйкес әрекет жасаңыздар. Жылжудың төмен жылдамдығы кезінде (айына метрлер) өз мүмкіндіктеріңізге байланысты әрекет жасаңыздар (құрылыстарды алдын ала белгілеген жерге көшіріңіздер, жиһаздарды, заттарды және т.б. шығарыңыздар). Лай көшкінінің жылжу жылдамдығы тәулігіне 0,5-1,0 м-ден асатын болса, бұрын пысықталған жоспарға сәйкес көшіңіздер. Эвакуация кезінде өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, ал жағдайға және әкімшіліктің нұсқауына байланысты жылы киімдер мен азық- түліктер алыңыздар. Тез арада қауіпсіз жерге көшіңіздер және, қажет болған жағдайда, құтқарушыларға қазуға, опрылымдардан зардап шеккендерді алып шығуға оларға көмек көрсетіңіздер.
Лай көшкіні болғаннан кейінгі іс-әрекеттер
Лай көшкіні болғаннан кейін аман қалған құрылыстар мен салынымдарда қабырғалардың жағдайлары тексеріледі, электр-, газ-, сумен қамтамасыз ету желілерінің бұзылған жерлері анықталады. Егерде Сіздер зақымданбасаңыздар, онда құтқарушылармен бірге үйінділердің астынан зардап шеккендерді шығарыңыздар және оларға көмек көрсетіңіздер.