ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ-2
Зардап шегушіні жетекке алу тəсілі екі топқа бөлінеді: зардап шегуші құтқарушыға тыныш бағынған кезде қолымен қысып ұстамайды, ал зардап шегуші құтқарушыға бағынбаған кезде қолымен қысып ұстап жетекке алады.
Құтқарушы басынан ұстап жетекке алғанда, қолын созып, бас бармағы зардап шегушінің бетінде, ал шынашақ – оның жағының төменгі жағында болатындай етіп ұстайды. Оның бетін су бетіне тартып шығара отырып, арқасымен жүзе жəне аяғымен жұмыс істей отырып, құтқарушы суға кеткен адамды катерге, шлюпке немесе жағаға жеткізеді.
Қолтығының астынан қапсыра ұстай отырып жетекке алғанда құтқа- рушы оны аяғының көмегімен жетектейді.
Қолынан қапсыра ұстап жетектеу кезінде құтқарушы, ар жағынан келіп, өзінің сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің тиісті қолдарына салады. Содан кейін оның сол жақ (оң) қолдарынан шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса ұстап, бүйірлей жүзіп қауіпсіз орынға алып келеді. Бір қолы мен аяғы бос болғанда бүйірлей жүзу, құтқарушыға жан – жағын бағдарлап алуға, зардап шегушіні тасымалдау кезінде бағытты таңдауға жəне оны ұзақ қашықтыққа жетегіне алуға мүмкіндік береді.
Шынтақтан жоғары қапсыра құшақтай отырып жетекке алу кезінде құтқарушы зардап шегушінің шынтағынан құшақтап, оны артқа қарай тартады, содан кейін сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің қолтығының астына тығып, оны зардап шегушінің арқасына апарады. Одан кейін сол жақ (оң) қолдарымен зардап шегушінің сол жақ (оң) қолдарын шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса тартады.
Шаштан ұстап немесе жағадан ұстап жетекке алу кезінде құтқарушы, шашынан немесе жағасынан ұстап, бос қолдары мен аяқтарын жұмыс істете отырып, бүйірімен жүзеді. Адамды жетекке алу кезінде түзуленген қолымен оны басынан демей отырып, су оның тыныс алу жолдарына кетпеу үшін, судың бетіне алып шығады.
Суға кеткен адам əдетте есеңгіреу жағдайында, қорқып, зəресі ұшқан кейіпте болады. Сондықтан, құтқарушыны көрген кезде ол оны тас қылып құшақтап алады. Бұл екеуін де өлімге алып баруы мүмкін. Зардап шегушінің құшағынан босау үшін құтқарушы, үлкен күш жұмсауы керек, кей кезде күш қолдануына тура келеді. Көбінесе зардап шегуші құтқарушының қолының саусақтарынан, мойнынан (алдынан жəне артынан), денесінен (қолы арқылы немесе қолы астынан), аяқтарынан ұстайды. Мұндай жағдайда құтқарушы су астына сүңгіп кетуі тиіс. Егер сүңгу көмектеспесе, онда зардап шегушінің құшағынан құтылудың келесі тəсілдерін қолданады.
Қолдарының саусақтарын құрсаудан құтқару. Құтқарушы, ең алдымен, суға кетушінің бас бармақтарының қалай тұрғанын анықтайды. Содан кейін күшті жұлқыныспен оның басбармақтарын қайырып, қолдарын ажыратады. Сонымен бірге, аяғын ішіне тартып, оны адамның кеудесіне тірей отырып, ол одан сытылып шығады да, содан кейін шұғыл қимылмен зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.
Алдыңғы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Құтқарушы алақанымен зардап шегушінің иегінің астынан тірей отырып, бас бармағымен жəне сұқ саусағымен оның мұрнын жабуға тырысады, осы сəтте келесі қолымен суға кетушіні белінен қапсыра ұстайды. Содан кейін, саусақтарымен мұрнын қыса отырып, адамды өзіне қарай қатты тартады жəне шалқайта отырып иегінің астынан кілт итермелейді. Іштен төмен қарай тізеге соққы беріп босануды күшейтуге болады, бірақ бұл тəсіл басқа шара қалмағанда ғана қолданылады.
Артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Кұтқарушы бір қолымен зардап шегушінің қарама – қарсы қолының саусақарынан ұстайды, ал екінші қолымен саусақтан алады. Содан кейін, шынтақты кілт жоғары көтере отырып жəне саусақтарды төмен қайыра отырып, суға кетушінің қолынан сытылып шығады, бірақ ұстаған қолдарын босатпайды, ал зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.
Қол арқылы денені құрсаудан босату. Құтқарушы, саусақтарын бүгіп, жұдырығын түйеді, бас бармағымен суға кетушінің қабырға жағына соққы беріп, оны жетегіне алады.
Қол астымен денені құрсаудан босату. Құтқаушы бұл құрсаудан артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану тəсілін қолдана отырып құтылады.
Аяқтан алған құрсаудан босану. Құтқарушы бір қолымен суға кетушінің желке жағынан басын құшақтайды, ал екінші қолымен – иегінің астынан (қарама – қарсы жағынан) ұстайды, оны күшпен келесі жаққа бүйірге қарай бұрады да босанғанға дейін жібермей ұстап тұрады. Содан кейін, суға кетушінің басын босатпастан, онымен бірге су бетіне жүзіп шығады да, жетегіне алады.
Егер суға кетушінің құрсауынан босату үшін жасалған тəсіл еш нəтиже бермесе, онда уақыт өткізбей оны қайталау керек.
Егер зардап шегуші батып кетсе, онда оны су айдынының түбінен көтеріп шығу керек. Егер зардап шегуші топырақта бетін жоғары қаратып жатса, онда құтқарушы оның бас жағынан келіп, оны көтереді. Содан кейін зардап шегушіні қолтығының астынан алып, құтқарушы жылдамдатып су түбінен көтеріліп, су бетіне жүзіп шығады да оны жетегіне алады. Егер адам топырақта бетімен жатса, онда құтқарушы оған аяқ жағынан келіп, қолтығының астынан құшақтап көтеріп, судың бетіне қарай көтеріледі. Зардап шегушіні иығына немесе жамбасына сүйеп судан алып шығады. Қауіпсіз жерге жеткеннен соң, құтқарушы алғашқы көмекті көрсете бастайды.