Қоғам

ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТ

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі

  1. Объектіде (ғимаратта, құрылыста) өрт сөндіргіштердің типін таңдау және қажетті санын анықтау олардың өрт сөндіру қабілетіне, жанғыш материалдың түрі бойынша өрт сыныбына, қорғалатын үй-жайдың немесе технологиялық жабдықтың ерекшеліктеріне және басқа да параметрлерге (оның ішінде қорғалатын үй-жайдағы ортаның температурасына, өрт сөндіргіштен өрт сөндіргіш заттың ағынының ұзындығына, оның жұмыс істеу уақытына және өрт сөндіргіштың сыйымдылығына) байланысты жүзеге асырылады.
  2. Өрт сөндіргіштің типі (тасымалданатын немесе жылжымалы) ықтимал өрт ошағының ауданына байланысты анықталады. Қорғалатын үй-жайда құрама өрт ошақтарының шығуы ықтимал жағдайда өрт сөндіргіштің типін таңдаған кезде қолданылу саласы бойынша барынша әмбебап өрт сөндіргіштер алынуы тиіс.
  3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша әртүрлі санаттағы ғимараттардың, құрылыстардың және құрылымдардың үй-жайларын қорғауға арналған өрт сөндіргіштер саны бір өрт сөндіргішпен қорғалатын шекті ауданға және осы қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес үй-жайдың жалпы ауданына байланысты анықталады.

Өрттің ықтимал ошағынан бастап өрт сөндіргішті орналастыру орнына дейінгі қашықтық:

  • қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін – 20 м;
  • А, Б және В1-В4 санаттарындағы үй-жайлар үшін – 30 м;
  • Г санатты үй-жайлар үшін – 40 м;
  • Д санатты үй-жайлар үшін – 70 м.
  1. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда әр қабатта кемінде екі қол өрт сөндіргіші орналастырылуы тиіс
  2. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты, ауданы 100 м2 кем үй-жайларды қол өрт сөндіргіштерімен жарақтамауға рұқсат етіледі.
  3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша бір санатағы бірнеше шағын үй-жайлар болған кезде қажетті өрт сөндіргіштер саны осы қосым- шаның 1 және 2-кестелері бойынша осы үй-жайлардың жиынтық ауданын есепке алып анықталады.
  4. Кәсіпорыннан қайта зарядтауға жөнелтілген өрт сөндіргіштер заряд- талған өрт сөндіргіштердің тиісті санымен алмастырылуы қажет.
  5. Қымбат электронды жабдығы бар, сондай-ақ тарихи құндылыққа ие заттарды сақтауға арналған үй-жайларды (оның ішінде телефон станцияла- рының, мұражайларлардың, мұрағаттартың үй-жайларын) қорғау үшін өрт сөндіру кезінде жоғарыда аталған заттардың өрт сөндіргіш затпен зақымда- ну қаупін болдырмау үшін ауа-эмульсиялық және көмірқышқыл өрт сөндіргіштер қолданылуы тиіс.
  6. Автоматты стационарлық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар нормативтік тиістіліктің 50 % есебінің негізінде қол өрт сөндіргіштерімен қамтамасыз етіледі.
  7. Объектіде орналастырылған барлық өрт сөндіргіштердің белгіленген нысандағы паспорттары болуы қажет.
  8. Өрт сөндіргіштерді көрінетін жерлерде және үй-жайдан эвакуациялық шығу жолдарының жанында еденнен 1,5 артық емес биіктікте орналастыру жүзеге асырылады және өрт кезінде адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауға кедергі келтірмеуі қажет.

Толық массасы 15 кг кем өрт сөндіргіштер олардың үсті еденнен 1,5 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс. олық массасы 15 кг және одан астам тасымал өрт сөндіргіштер өрт сөндіргіштің үсті 1,0 м аспайтын биіктікте орналасатындай етіп орнатылуы тиіс. Оларды кенеттен әсер етуден ықтимал құлап қалуларынан міндетті бекітіліп еденге орнатуға болады.

  1. Өртке қарсы жайма, өрт сөндіруге арналған қылшық жүнді мата немесе киіз (төсеніш, жанбайтын материалдан жасалған жамылғы) қақпақты металл футлярларда сақталуы және үш айда кемінде бір рет кептірілуі жәнетозаңнан тазартылуы қажет.
  1.  Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, механикаландырылмаған құрал-саймандар мен өрт мүлкін ішкі өрт сөндіру су құбырымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталмаған өндірістік және қойма үй-жайларында, сондай-ақ сыртқы өртке қарсы су құбыры жоқ кәсіпорындардың (ұйымдардың) аумағында орналастыру үшін немесе осы кәсіпорындардың ғимараттары, құрылыстары және сыртқы технологиялық қондырғылары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінен 100 м астам қашықтықта шалғай орналасқан кезде өрт қалқандары жабдықталады. Өрт қалқандарының қажетті саны мен олардың типі үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың және сыртқы технологиялық қондырғылардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатына, бір өрт қалқанының шекті қорғайтын ауданына және өрттің сыныбына байланысты анықталады.
  2. Өрт қалқандары осы қосымшаның 4-кестесіне сәйкес алқашқы өрт сөндіру құралдарымен, механикаландырылмаған өрт құрал-саймандарымен және өрт мүлкімен жинақталуы тиіс.
  3. Өрт қалқанының жанына орнатылатын су сақтауға арналған бөшкелердің көлемі кемінде 0,2 м болуы және олар шелекпен жинақталуы қажет. Құм салуға арналған жәшіктердің көлемі 0,5 м3, 1,0 м3 немесе 3,0 м3 болуы және қалақ күрекпен жабдықталуы керек. Жәшіктің конструкциясы құм алып шығуға қолайлы болуы және жауын-шашынның түсуін болдырмауы қажет.
  4. Құм салынған жәшіктер қалқандармен бірге үй-жайларда немесе тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтардың төгілуі ықтимал ашық алаңқайларда орнатылады.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close