Табиғаты әртүрлі химиялық белсенді заттардың теріге әсер етуінен болады. Көбінесе химиялық күйіктер бейорганикалық қышқылдар- дан (күкірт, азот, тұз), сілтілер (калий, натрий гидроксиді, өшпеген из- весть), ауыр металл тұздарының (күміс нитраты, цинк хлориді), кейбір ұшпа майлар, бензин, керосин және ұзақ уақыт әсер етсе кейбір еріт- кіштердің теріге жанасуынан болады.
Фосфор өтеё ауыр күйік тудырады. Теріге тигенде көбінесе жанып, химиялық күйікпен қатар фосфордың өзі және күйікке айналған өнім- дердің сіңірілуінен ағза уланып, аса ауыр термиялық күйікке шалдыға- ды.
Химиялық күйіктер тұрмыстық жағдайда сирек кездеседі, техно- логия бойынша жоғарыда аталған химиялық агенттер қолданылатын өндірісте апат орын алған жағдайда мұндай күйік жаппай сипатқа ие болуы мүмкін.
Зақымдану тереңдігіне байланысты химиялық күйіктер де терми- ялық күйіктер сияқты жіктеледі: таралымы бойынша көбінесе дененің жалпы ауданының 10 % -нан аспайды. Химиялық күйіктің жалпы бел- гілері (күйік ауруы) байқалмайды деуге болады. 3 – 4 дәрежедегі қатты күйіктер қышқылдар мен сілтілердің әсерінен болады.
Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек көрсету жолы: дереу арада зақымданған жерді ағыны қатты сумен 5 – 10 минуттай жуып, одан соң қышқылдан күйсе – сілті ерітіндісімен, сілтіден күйсе – 1 – 2% сірке, бор немесе лимон қышқылымен бейтараптандырылып, асептикалық таңғыш салынады.
Өшпеген известьтен болған күйік кезінде алдымен терідегі известь қалдығын абайлап алып тастап, содан соң күйген жерді сумен шаяды.
Үсік
Термиялық жарақаттың біртүрітөменгі температураның әсерінен тіннің зақымдануы, яғни үсуі болып табылады. Күнделікті жағдайда да, жылдың суық мезгілінде, табиғи апат кезінде де бұл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету мен емдеу аса маңызды. Көбі- несе аяқ пен қолдың дисталды бөліктері үсіктен зардап шегеді, оның ішінде үсу әдетте табан буыны деңгейінен көтерілмейді; қолдың үсуі болса негізінен саусақтармен шектеледі.
Үсудің барысына салқындау әсерін одан сайын күшейтетін немесе байқататын түрлі факторлар әсер етеді. Метеорологиялық факто¬р- лардың арасында ылғалдың жоғарылығы айтарлықтай рөл атқарады. Ауада ылғалдылықтың артуы жылу оқшаулағыштық рөлін төмен- детіп, жылу шығынының артуына әкеп соғады. Тағы бір климаттық жайсыз фактор ол желдің күшеюі: ауа қозғалысының жылдамдығы жоғарылаған сайын дененің үстіңгі қабатының жылу бөлуі де арта түседі.
Аяқ киім аяқтың үсуіне жол беретін маңызды фактордың бірі. Тар аяқ киім кигенде табанның қан айналымы бұзылып, ол ісіне бастай- ды. Бұл аяқтың үсуіне себеп болады, ал аяқ киімнің дымқылдығы тіндердің зақымдану деңгейін одан әрі арттыра түседі.
Суықтың әсерін күшейте түсетін факторларға аяқтың тершеңдігі, жеткіліксіз тамақтану, гипо және авитаминоз, қансырау, шаршау, мас болу, естен тану және тағы басқалары жатады.
Үсіктің пайда болуына зақымданған тіндерде жергілікті қан айна- лымының қалыптан тыс бұзылуы салдары әсер етеді. Алдымен ұсақ қан тамырлары жиырылады, сосын бірталай уақыт бойы кеңейіп тұрады да, қайтадан жиырылады – соның нәтижесінде тіндер семіп қалады.
Үсу екі кезеңнен тұрады: реактивті емес кезең (жасырын) және тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Реактивті кезеңде ғана үсік шалған жерлерде патологиялық өзгерістер байқа- лады.
Ұзақтығы бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылатын реак- тивті емес кезеңде зақымданған жердің терісі көбінесе бозарып, кейде көгеріп тұрады, қолмен ұстағанда суық, сезімталдығы төмен немесе мүлдем сезбейді. Үсу деңгейі артқан сайын денеде ұю, сіресіп қалубелгілері байқала бастайды. Аталған белгілердіңанық байқалуы төменгі температура әсерінің ұзақтығына байланысты.
Реактивті емес кезең зардап шеккен тіндер температурасының қайта қалыпқа келуіне дейін жалғасады. Аяқ-қол жылытылып, қан айналымы мен қызметі қалыпқа келген соң реактивті кезең бастала- ды. Жасырын кезеңнің реактивті кезеңге өтуінің объективті белгісі үсік шалған аяқ-қолдың ісіне бастауы. Реактивті кезең басталғанда үсу диагнозы нақтыланып, зақымданған тіннің таралуы мен дәрежесі айқындалады.
Үсу де күйік сияқты төрт дәрежеге жіктеледі.
- дәрежелі үсік орналасуы мен зақымдану аумағына қара- мастан, үсіктен зардап шегушінің жағ-күйінде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Суық фактор әсерінің ұзақтығы әдетте көп- ке созылмайды. Тіндер температурасының төмендеуі де шама- лы. Бозарған тері жылытқанда қызарады; кейде көгеріп немесе мәрмәр түске енеді. Жылытқаннан кейін тактильді және ауыру сезімталдығы, саусақтар мен табандарының қозғалыс белсенділі- гі толықтай қалыпқа келеді. Зақымданған тері аумағы толығымен ісінеді. Үсіктің аталған белгілері үшінші-жетінші тәуліктерде жойылады.
- дәрежелі үсік суықтың әсерінен кейін екінші-үшінші тәуліктер- де қабыршақтың пайда болуынан байқалады. Қабыршақтар күйіктен кейінгідей түссіз сұйықтыққа толы және құрамы жағынан плазмаға ұқсас. Ашылған қабыршақтардың түбі қол тисе ауыратындай терінің бүртікті-эпителиалды қабаты болып табылады. Жойылған элемент- тер 1 – 2 аптадан соң қайтадан қалпына келеді, түйіршіктену және тыртық қалмайды, тырнақ түсіп қалмайды, дегенмен жаңасы өсіп шығады.
- дәрежелі үсік суықтың көбірек уақыт әсер етуінен болады. Терімен қатар тері асты шелі де зақымданады. Жансызданған жер- лерде қан аралас сұйықтықтарға толған қабыршақтар пайда болады. Алғашқы тәулікте, кейде аяқ-қол жылығаннан кейін бірнеше сағат- тан соң ісіне бастайды. Қабыршақтар шықпаса, зақымданған жер- лердің терісі қып-қызыл не көгерген реңкті, қолмен ұстағанда суық (1 – 2-дәрежелі үсікке қарағанда). Қабыршақ алынып тасталған соң жараның беті тіндердің жансыздануынан сезімталдығын жоғалтады. Семген тіндер екінші-үшінші аптада ажырай бастайды. Ажыраған соң түйіршіктеледі, егер де зардап шеккен адамға өзінің терісі оты- рғызылмаса денеде тыртық қалады. Тырнақ қайта қалпына келіп, регенерацияланбайды.
- дәрежелі үсік суықтың ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Жұм- сақ тіндердің барлық қабаты жансызданады. Зақымдану тереңдігінің шегі сүйек пен буындарға дейін өтеді. Реактивті кезеңнің алғашқы сағаттарында дене температурасы бірталай төмендейді. Үсік шалған жерлер бозарып немесе көгереді, қабыршақтар геморрагиялық сұй- ықтыққа толы. Аяқ-қол жылыған соң 1-2 сағаттан кейін ісіну баста- лады. Әдетте ол аяқ-қолдың ортаңғы бөлігіне қарай үлкейеді. Бұдан кейін мумияға айналады (кебу) немесе кей кезде қолдың буынында, табанның жекелеген бөліктерінде дымқыл гангрена басталады.
Күйік жарақаты сияқты 1-2 дәрежелі үсікті үстіңгі, ал 3-4 дәрежеліні қатты не терең деп бағалауға болады.
Реактивті емес кезеңде суықтан зардап шегушіге алғашқы ме- дициналық көмек оны жылыту, ыстық сусын немесе аз көлемде алкоголь берумен шектеледі. Үсіген адам тезірек жылы жерге жеткізілуі керек. Денеге жабысып қалған киім мен аяқ қиімді терінің үсік шалған жерлерінің механикалық бүлінбеуі үшін абайлап шешу қажет. Аяқ қиім мұздап қатып қалған жағдайда ол ерігенге дейін шешпеген жөн. Бұдан соң тоңған жерді таза жүн матамен немесе қолды жуып, спиртке малып алып ысқы- лау керек. Кейде ұзақ уақыт ысқылау қажет болады және оны сезімталдығы қайта қалпына келгенше, аяқтың немесе қолдың үсік шалған тұсы қызарып, ыси бастағанға дейін ысқылауға тура келеді.
Үсік шалған жерлерді қармен ысқылауға әсте болмайды, өй- ткені аяқ-қол салқындауға және микрожарақаттардың пайда бо- луына әкеп соғуы мүмкін.
Мүмкіндік болса үсік шалған аяқ-қолды жылытуға ванна қол- дануға болады. Ол үшін 20 – 30 минут ішінде температурасы 20 – 23 -тен 40 °С дейін жоғарылатылған суға үсіген жерді батырады. Сонымен қатар зардап шегуші өзі үсік жалған жердің шетінен ортасына қарай тері жылып, қызарғанға дейін массаж (сипау) жасауы керек.
Жылыған аяқ-қолды құрғатып, стерильді таңғышпен жабады және жылы матамен орап қояды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам дереу арада емдеу ме- кемесіне жеткізілуі тиіс, әрі оны қайтадан үсік шалмауының алдын алу керек.