Қоғам

УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ

Симптоматикалық терапия. Уланудың алғашқы сатысы басты кезекте сусыздану мен коллапсты жоюға бағытталады. Көктамырға тамшымен құрамында электролиттері (полиглюкин және т.б.) бар плазмалмастырғыштар және 3 – 5 л кем емес мөлшердеглюкоза беріледі. Артериалды қысымды көтеру үшін мезатон (0,5 – 1,0мл 1% ерітіндісі көктамырға), норадреналин (1 – 2мл 0,2% ерітіндісі, 500мл 5%глюкоза ерітіндісі көктамырға, тамшылап, АҚ бақылау арқылы) беріледі.

Бұл адреномиметиктерді плазмалмастырғыш ерітінділерге (1 ампу- ладан 0,5 – 1 л ерітіндіге) қосуға болады.Жүрек жеткіліксіздігінде көктамырға 0,25 – 0,5мл ампулалы строфантин мен коргликон белгіленеді. Іш өткізгіш құралдарын беруге болмайды, асқазанды жуу тиімді емес, әсіресе ұзақ мерзімді өліммен аяқталуы мүмкін жағдайларда одан алшақ болу керек.

Уланудың екінші сатысын емдеу бауыр және бүйрек жетіспеушілігімен күреске бағытталған. Гидрокортизон (аптасына 0,5г дейін), дәрумені барглюкоза, қалыпты дозаларда холин, маннитол, фуросемид қабылдау, көктамырға аптасына 20 – 30мг/кг жөке қышқылы; қажетінше детоксикационды гемосорбция және гемодиализ («жасанды бүй- рек») жасалады.

Болжам нашар, зардап шегушілердің 60 – 80% қайтыс болады. Алғашқы күндері, сусыздану уақытында өткір жүрек жетіспеушілігі- нен немесе бүйрек комасы ауруының екінші кезеңінде өлім туу мүмкін.

Кәдімгі строчок, кәдімгі тыржыңқұлақ (сморчок)

Кәдімгі строчок – дұрыс емес шар түрлі саңырауқұлақ, қошқыл немесе ақшыл сұр түсті, іші қуыс. Қалпақшасының үсті тегіс емес, көгілдір қатпарлы ирек, бас миының ирелеңдерін еске салады. Құм топырақты қылқанжапырақты және аралас ормандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерінде ерте көктеммен мамыр айын қоса алған уақытта өседі.

Балғын строчкалар (көктемде және аса үлкен) боз арамқұлақ интоксикациясының клиникалық картинасына жақын ауыр улану туғызады. Оның құрамындағыгиромитрин жәнегельвельді қышқыл кептіру ба- рысында зарарсызданады (бірақ термикалық өңдеу барысында емес). Айта кететін жайт, құрғақ строчкилер улы емес және ерекше дәм сапасына ие. Кептірілгеннен кейін үш апта ішінде зиянсыз болады. Ерте көктем кезінде ғана строчкилермен улану байқалады. Бұл ормандағы алғашқы көктемгі саңырауқұлақтар қар ерігеннен кейін пайда болады.

Кәдімгі тыржыңқұлақ көктем мезгілінде қылқанжапырақты ормандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерін- де, орман шетінде өседі. Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақ, құрамында гельвели қышқылы – улы заты бар. Сыртқы нышандары бойынша строчекке ұқсас: қалпақшасы жұмыртқа тәріздес, қара күрең немесе ашық күрең, ал ортасы қуыс, қалпақшасының төменгі шеттері түбіртегіне тұтасып кеткен.

Үсті тегіс емес, сеткалы ұяшықты, қабырғалары қысқа сыртқа шығып тұрған, кей жағдайларда ұяшықтары бұдыр-бұдыр ара ұяшықтарын еске салады.

Тыржыңқұлақ – жеуге жарамды, дәмді саңырауқұлақ, бірақ ал- дын ала 10-15 минут пісіру қажет. Қайнау барысында у бұзылмайды, бірақ суға (саңырауқұлақ пісірген су) ауысады. Қайнатпа суды бірден төгу қажет, себебі қайнау бырысында оғангельвель қышқылы ауысады. Пісірілген саңырауқұлақтарды сумен жуып, сорықтыру қажет, со- дан кейін ғана әрі қарай дайындауға болады. Бірақ зарарсыздырылған саңырауқұлақтарды көп мөлшерде жеу ұсынылмайды (күніне 200г.). Ауада кептірілгеннен кейін тыржыңқұлақ зиянсыз, үш аптадан кейін оны тамаққа пайдалануға болады.

Зарарсыздандырудың бұл әдістері строчек пен тыржыңқұлақтар үшін ғана жарамды. Бұл әдістер басқа улы саңырауқұлақтарға әсер етпейді.

Өкінішке орай, көп адамдар строчектер мен тыржыңқұлақтарды дұрыс дайындамағандықтан ауыр улану, кей жағдайларда өлім қауіпі бар екенін біле бермейді. Оның құрамындағыгельвель қышқылы гемотоксинді (гемолитті) әрекет етеді. Нашар дайындалған саңырауқұлақтарды немесе сорпаны тамаққа пайдалану нәтижесінле улану дамиды.

Клиникалық картинасы. 6-10 сағатан кейін уланудың алғашқы белгілері байқалады . Уланған адам асқазан ауырсынуын, жүрек ай- нуын сезінеді, кейіннен ол тоқтамайтын, әлсіздік туғызатын құсуға ауысады. Біруақытта қатты бас ауруы пайда болады. Сирек жағдайларда іш өтуі орын алады. Кей кездері улану көрінісі осымен шектеліп, адам сауығып кетеді.

Ауыр улану жағдайларында келесі күнігемоглобинурия (несеп түсінің қызыл болуы),гемолитті сары ауру, бауыр мен бүйрек зақымдануы дамиды; аса ауыр жағдайларда өлім орын алады. Балалар уға аса сезімтал.

Симптоматикалық терапия. Строчектермен және тыржыңқұлақтармен улануды емдеу боз арамқұлақты емдеуге ұқсас. Жедел көмек Ұзақ асқыну кезінде жедел көмек көрсету (асқазанды жуып тазалау) тиімсіз.

Шыбынжұттар

Шыбынжұт сасық, арамқұлаққа ұқсас; қызыл шыбынжұт, пантерлі шыбынжұт, порфирді шыбынжұт, лимоды-сары шыбынжұт – өзіндік белгілері бар улану тудыратын улы саңырауқұлақтар.

Улылық деңгейі бойынша барлық шыбынжұт топтарының ішінен екі түрі аса ерекшеленеді: сасық шыбынжұт пен лимонды-сары шыбынжұт.

Сасық шыбынжұт (арамқұлаққа ұқсас) – барлық шыбынжұттардың ішіндегі ең улысы. Аса улы саңырауқұлақ сыртқы белгілері және токсинділігі бойынша ақ түсті боз арамқұлаққа ұқсас. Ресейдің тайга- лық аймағында кездеседі. Қылқанжапырақты және аралас ормандарда, жеке және шағын топтармен, шілде айы мен қазан айының аралығында өседі. Өзінің аталуына қарсы, бұл шыбынжұттың жұмсағы ақ түсті, қандайда бір дәмі мен исі жоқ, немесе шикі картоп иісі шығады.

Көктемгі шыбынжұт – өте жақын түр – өлімге әкелетін улы саңырауқұлақ, оңтүстік аумақтардың жалпақжапырақты ормандардардында мамыр-шілде (қыркүйекке дейін) жиі кездеседі.

Лимонды-сары шыбынжұт – әлсіз улы саңырауқұлақ. Қалпақшасы ақшыл сары, жасыл түстілері де жиі кездеседі. Ресейдің барлық аймағында орманды жерлерде, маусым-қазан айларында жапырақты және қылқанжапырақты ағаштар орманында жекелей өседі.

Шыбынжұттың қалған үш түрі шамамен алғанда бірдей токсинді, бірақ улану белігілерімен өзгешеленеді.

Қызыл түсті шыбынжұт – өте әдемі, жалпыға танылған саңырауқұлақ. Ресейдің барлық аймақтарындағы ормандарда өте жиі, солтүстік аумақтарда аса көп ауқымда кездеседі. Қылқанжапырақты, жалпақжапырақты және аралас ормандарда маусым – қараша айларында топтасып өседі. Қараусыз қалған кішкентай балалар үшін ғана қауіп туғызады. Кейбір шетелдерде немқұрайлылыққа байланысты өзіне ұқсас, бұрынғы Закавказье аймағында ғана кездесетін, жеуге жарамды кесарский саңырауқұлақтарымен бірге жиналады.

Пантерлі шыбынжұт қарағайлы, жапырақты және аралас ормандарда, шілдеден бастап қазанға дейін өседі.

Порфирлі шыбынжұт аталған мерзімде қылқанжапырақты ормандарда өседі. Шыбынжұттың бұл түрімен улану шампиньондармен бірге немқұрайлы жинау барысында орын алады, бірақ бұл екі түрде шампиньондардан қатты ерекшеленеді.

Клиникалық картинасы. Шыбынжұтпен улану — жүйке жүйесінің орталық және перефериялық қызметінің бұзылуын тудырады. Олардың құрамында мускарин (холиномиметик), мусцимол және мускаридин (атропиннің әрекет етуіне ұқсас антихолинэргетиктер). Мускаридин, немесе микоатропин, өсімдіктерден алынатын атропин құрамымен бір- дей. Сонымен қатар бұл саңырауқұлақтардың құрамында буфотенин- галлюциногені бар. Әр жағдайда уланудың клиникалық өтуі қандайда бір алкалоидтің басым бойымен айқындалады. Бұл топтын алкалоидтары шыбынжұттың көптеген түрлерінде (қызыл, пантерлі, порфирлі, арамқұлаққа ұқсастар), бірқатар волоконницаларда, лепиоттар менговорушкаларда кездеседі.

Нейротропты алкалоидтармен уланудың белгілері саңырақұлақтар- ды тамаққа пайдаланғаннан кейін 20-30 мин ішінде өте тез байқалады. Кейбір шыбынжұттардың латентті кезеңі бір сағаттан алты сағатқа дейін созылады. Улану картинасы нақты саңырауқұлақ түріндегі қандайда бір удың басым болуына байланысты әр түрлі болады.

Келесі синдромдарды көрсетуге болады:

мускаринді – қызыл шыбынжұтқа тән: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, ішек түйілуі, миоз, қатты тершеңдік және сілекей бөлінуі, брадикар- дия, коллапс; уақыты өткізіп алынса – механикалық тұншығу көрінісі бар бронхоспазм мен бронхорея және жалған өкпе ісінуі;

мускаридті (микоатропинді) – пантерлі шыбынжұтқа тән: тахикардия, сананың тұнжырауы,галлю¬циноз, сандырақ, көз қарашығының ұлғаюы;

бутофенинді – порфирлі және арамқұлаққа ұқсас шыбынжұттарға тән: психомоторлы қозу,галлю¬циноз, эйфория; маниакальды жағдай, уақыт пен кеңістікті қабылдау бұзылуы; вегетативті бұзушылықтар (сілекей бөлінуі, құсу, артериальдігипертензия, веге¬тативті рефлек- стердің өсуі және т.т.).

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close