ҚАУІПТІ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ҚИРАУЫ-2
Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың жəне техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді.
Өтетін тесіктерді жəне өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің жағдайы жəне оның алған жарақатының дəрежесі анықталады. Содан кейін басылып қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау жəне қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз жəне мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу жəне тасымалдау əдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің жəне сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен жəне ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа басылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.
ТЖ салдарын жоюға байланысты шараларын жоспарлауды ұйымдастыру
Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында жəне оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін жəне кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай – ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын жəне зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.
Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу жəне бақылауға арналған жəне іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мəліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:
- апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы);
- төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;
- жұмыс реттілігі;
- төтенше жағдай аумағында қоғамдық тəртіп сақтау ережелері;
- медициналық шараларды ұйымдастыру;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- басқаруды ұйымдастыру;
- материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету.
Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік жəне күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тəуелді.
Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі жəне сипаты бойынша мəліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тəртібін көрсететін шешім шығарады.
Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дəрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық жəне химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану жəне химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін жəне сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін жəне қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын – тұтас жəне жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру əдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары жəне ветеринарлар шақырылады.
Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару жəне басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі жəне қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.
Бірінші сатысында нысандар жəне халықты жедел қорғау мəселесі жүргізіледі жəне дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа жəне жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.
Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тəртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру жəне адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.
Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, жəне топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі əдіс – тəсілдер пайдаланылады:
- төгілген затты тасымалдау;
- ҚХЗ таралуына бөгет жасау;
- ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.
Əртүрлі органдардан жəне арнайы кешендік барлаудан алынған мəліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.
АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:
- Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.
- Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.
- АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тəуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға жəне құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы əзірлігі.