ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ САЛЫНЫМДАРДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ-2
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген су шаруашылығы мен салынымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінде келесі талаптар анықталды:
Табиғи және техногенді сипатағы болжалды және болған төтенше жағдайлармен байланысты апаттардың туындау қауіпі кезінде, су шаруашылығы мен салынымдардың иесі немесе пайдаланатын тұлға су шаруашылығы мен салынымдардың бақылайтын параметірлері белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу жағдайында пайдаланудан шығару бойынша қосымша шаралар қабылдайды. Пайдалану кезінде су шаруашылығы жүйесі мен салынымдардың қауіпсіздік жағдайын қолдауда меншік иесі немесе пайдаланушы тұлға үнемі зерттеу, тезникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілуін қамтамасыз еті. Су шаруашылығы мен салынымдардың меншік иесі немесе пайдаланушы тұлға адамдарға қауіп төндіретін, жақын жатқан аумақтардың жұмысын өткізу кезінде қауіпті аймаққа кездейсоқ кіруді ескерту бойынша шаралар қабылдайды. Су шаруашылығы мен салынымдардың меншік иесі немесе пайдаланушы тұлға жыл сайын 25 жылдан артық пайдалануда болған су шаруашылығы жүйесі мен салынымдардың, олардың жағдайына қарамастан, оның мықтылығын бағалаумен, орнықтылығымен пайдалану сенімділігімен көп факторлы тексереді. 25 жылға дейін пайдалануда болған су шаруашылығы мен салынымдар, олардың жағдайына қарамастан, оның мықтылығын бағалаумен, орнықтылығымен, пайдалану сенімділігімен көп факторлы 5 жылда бір рет тексеріледі. Гидротехникалық салынымдардың төтенше жағдайларын ескерту бойынша негізгі іс шаралар болып табылады:
- су торабының максималды ағымын қайта бөлу;
- аумақты дамбалармен қоршау;
- өзен арнасының өткізу мүмкіндігін арттыру;
- ағымды лақтыру;
- қорғалатын аумақтың белгісін көтеру;
- гидротехникалық салынымдардың апаттылық қауіпінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
- гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау;
- гидротехникалық салынымдардың үздіксіз пайдалануы;
- гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру, оның ішіндеолардың қауіпсіздік критериелерін анықтау, олардың жағдайын үнемі бақылау мақсатында гидротехникалық салынымдардың техникалық құралдармен жабдықталуы, гидротехникалық салынымдарға қызмет көрсететін жұмысшыларды қажетті біліктілігін қамтамасыз ету;
- гидротехникалық салынымдарда төтенше жағдайлардың туындау қауіпін максималды азайту бойынша алдын ала кешенді іс шаралар өткізу қажет;
- оларды салу, пайдалануға енгізу, пайдалану, жөндеу, қайта құру, консервациялау, пайдаланудан шығу және жою кезіде гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздік ережелері мен нормасын сақтау;
- гидротехникалық салынымдардың көрсеткіш жағдайын бақылау (мониторинг), табиғи және техногенді әрекет ету және алынған деректердің негізінде гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздігін үнемі бағалау және каскадеде гидротехникалық салынымдардың жұмыс есебінің төмендеу есебін талдау, зиянды табиғи және техногенді ықпал ету, төменгі және жоғары гидротехникалық салынымдарға жақын жатқан шараушылық және басқа әрекеттердің нәтижелері, өзен арнасында объектілерді орналастыру және басқа да қызметін;
- гидротехникалық салынымдардың жағдайына жүйелі бақылау;
- гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздік себебінің төмендеуін үнемі талдау және гидротехникалық салынымдардың техникалық жағынан жұмыс істейтін жағдайын қамтамасыз ету, оның қауіпсіздігін, сондай-ақ гидротехникалық салынымдардың апатын алдын алу бойынша шаралардың әзірлеуі мен жүзеге асырылуын уақытында жүргізу;
- гидротехникалық салынымдардың үнемі тексерілуін жүргізу;
- гидротехникалық салынымдардың апатын жоюға тағайындалған қаржылық және материалдық резервті құру;
- жергілікті орындаушы органдармен бірлесіп, гидротехникалық салынымдардың қауіпсіздік мәселелері туралы тұрғындарды хабарландырсын;
- гидротехникалық салынымдарды пайдалануы бойынша іс шараларды қаржыландыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ гидротехникалық салынымдардың апаттылық салдарын ескерту және жою бойынша жұмыс жүргізу;
- нормативтік техникалық талаптарға сәйкес келмейтін гидротехникалық салынымдарды пайдаланудан шығару;
- меншік иесімен гидротехникалық салынымдарды жұмыс істеу жағдайында ұстауға мүмкіндік болмаса, гидротехникалық салынымдардың меншік иесімен салынымды өз еркімен және төлемсіз жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру мәселесін қарастыру.
Тасқын болғанға дейін келесі жұмыстар өткізілсін:
- тиісті бригадалар қалыптастыру;
- жұмыс кестесін құру;
- техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізу;
- салынымдарда су горизонтының шамамен жіберілетін, нормалы, форсироваланған тіркелген белгілердің барын тексеру, олар су торабының салынымдарына жуылмайтын бояумен жазылуы керек немесе кольялармен бекітілуі керек:
- су шығаратын және жіберетін салынымдардың кептелістерін тексеру, орындарына редукторлардың тұтқасын орнатсын;
- су жиналудың транзитті және су шығару бөлігінің жағдайы туралы сұралған деректерді алып, зерттеу, максималды шығару шынымен олардың бұзылу мүмкіндігін бақылау;
- салынымдарды және платиналардың фрунтты керегесіне еріген судың түсуін жою бойынша шаралар қабылдасын, қажет болған жағдайда шығатын арналар жасау:
- гироузел жағдайын қауіпті, апатты деп бағалаған кезде төмен жатқан объектілерде, оынң ішінде су тораптарында плотиналардың жарылу мүмкіндігіне жағымсыз ықпал етуін төмендету қамтамасыз етілсін;
- салынымдар мен су тораптарының еріген суларды қабылдау және өткізуга дайындау бойынша шаралар әзірлеу.