Қоғам

СУДАН ҚҰТҚАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Суға кету – адам суға (басқа сұйықтықта сирек) толық батып және су әсерінен ағза жүйелерінің өмірлік маңызды функцияларының (орталық жүйке жүйесінің, тыныс алудың, қан айналымының) бұзылуынан болатын зорлықпен келетін өлім түрі.

Суға кетуді «дымқыл» (шынайы), «құрғақ» және синкопальді түрлеріне бөледі. Олар тек пайда болу
механизмімен ғана емес, өте маңызды болып табылатын алғашқы көмек көрсету ережелерімен де
ерекшеленеді. Суға бату — ол оттегі жетіспеу себебінен тұншығудан науқас өледі. Тыныс алу жолдары сумен толады. Бату — мүмкін үлкен ағыстағы ағынды суларда ересектерге қарағанда жас балаларда көп кездеседі.

«ДЫМҚЫЛ» СУҒА КЕТУ ЕҢ ҚАУІПТІСІ.
Адамның өкпесіне көп мөлшерде су кеткен кезде пайда болады. Мұндай жағдай көбінесе жақсы жүзетін адамдарда қолаяқ тартылған кезде, су ағысы қатты болғанда, су иіріміне түсіп кеткен кезде болады. Судың бетіне шығып, батып бара жатқан адам суды жұта асығыс тыныс ала бастайды, ал су тыныс алу
жолдарын толтырып, ауаның өкпеге баруына кедергі жасайды. Мұндай жағдайларда адамның тері жабындысы көгереді, аузы мен мұрнынан кеуде қуысын басқан кезде көп мөлшерде көбікті
сұйықтық бөлінеді (көбінесе қан аралас). Есте сақтаңыз: егер зардап шеккен адамның беті көгеріп кетсе,
ең алдымен, өкпесіндегі суды алу керек. ол үшін науқасты өзіңіздің бүгілген аяқтарыңызға оның басы мен денесі төмен тұратындай етіп, ал сіздің жамбасыңыз оның төменгі қабырғаларын басатындай етіп жатқызыңыз. Содан соң арқасын су толық шығып болғанша басыңыз. Дереу жасанды тыныс алу мен жүректі уқалауға кірісіңіз.

Суға батуы 1 минуттан аспаса науқасты 90% құтқаруға болады. Суға бату ұзақтығы 6-7 минут болса, 1-3%
құтқаруға мүмкіншілік болады.

Суға бату. Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Зардап шеккен адамның бетін төмен қарату, басын жамбасынан төмен орналастыру
2. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту, тіл түбірін басу (құсу рефлексін тыныс алуды стимулдау үшін).
3. Құсу және жөтел рефлексі пайда болған жағдайда тыныс алу жолдарынан және асқазаннан суды шығару.
4. Егер құсу және жөтел рефлексі болмаса реанимация шараларын жүргізу керек (жасанды дем алдыру және жүрекке жанама массаж жасау).
5. Дереу емдеу мекемесіне жеткізу

Суға кетудің «құрғақ» түрінде судың біраз мөлшері көмейге түсіп, дыбыс саңылауының рефлекторлық қысылуын тудырады да, сұйықтық өкпеге өтпейді. Суға кетудің құрғақ түрінде адам есінен танады. Мұндай жағдайда адамның белсенді қарсыласу мүмкіндігі болмайды және ол судың түбіне батып кетеді. Бұл суық суға секірген кезде, суға кездейсоқ құлап үрейленген кезде, тамақты тоя ішіп суға түскен кезде болуы мүмкін. Егер науқастың беті бозарып, ернінде көбік болмаса, оның суға тырбаңдамай батқанын көрсеңіз, ондай жағдайда ауыз қуысын судан және шырыштан тазартып, тамыр соғысы бар болса, арқасынан қағып немесе мүсәтір спиртін, я болмаса кез келген өткір иісті (әтір, иіссу, бензин) иіскету жеткілікті. Егер тамыр соғысы жоқ болса, дереу жасанды тыныс алуға және жүректі уқалауға кірісу керек.

Синкопальді суға кету
Тамыр қысылуынан жүректің рефлекторлы тоқтауы кезінде болады. Суға кетудің құрғақ түрінен тек пайда болу механизмімен ерекшеледі, алғашқы көмекте сол сияқты жан сақтау шаралары жасалады. Кез келген суға кету кезінде өлімнің екі сатысын ажыратады. Суға кеткен адамның сыртқы түрі судан тез алынған кездің өзінде өлген адам сияқты болады. Соған қарамастан, ол клиникалық өлім сатысында деп есептеп, дереу тірілту шараларын қабылдау керек.

Алғашқы жедел жәрдем көрсету

Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету
керек. Зардап шеккеннің жағдайын толық білу қажет. Зардап шеккен адамның әзір есі болса, үстін
құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шәй, кофе немесе шарап беру керек.
Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып
(асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауызмұрнын лай-құмнан тазартып, ұртына таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.

«Ауыздан ауызға»  жасанды дем беру техникасы

Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек. Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап
шеккеннің ауызын жабу керек; Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет; Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек. Ауызға немесе мұрынға орамал, мата арқылы дем беру, ауа өтуін қиындатады. Жасанды дем берудің «ауыздан ауызға»
немесе «ауыздан мұрынға» жасалатын қарапайым шарты — зардап шеккенге ең ыңғайлы әдіс.

«Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем беру.

Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайтады. Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына
кіргізіледі. Ауа шығарғышты тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру керек. Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы
керек, тілдің тыныс жолын жауып тастамауы керек. Зардап шекеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек. Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы керек. Құтқарушы жалғыз адам болса, жасанды дем берумен жүрек уқалауы 1:4, 1:6 көлемінде, 1 демалыста 4-6 сылау қозғалысы, басқа да 2:15 көлемінде, тек 1 минутта 16-18 дем және 70-72 сылау қозғалысы болуы қажет.

Жүректі уқалау

Жүрек екі сүйек құрылыс арасында орналасқан: төс сүйек және омыртқа жотасында. Егер адамды клиникалық өлім күйінде қатты жерге (еден, стол, керуеттің шеті) арқасымен жатқызса, ал үшінші астыңғы бөлігінің төс сүйегін екі қолмен бар күшпен басып тұру керек, сонда төс сүйек 3-5 см иіледі, жүрек
сыртқы сүйектер арасында басылады – жасанды сығылу болады, демек жүректің систоласы, жүректің систоласы кезінде қан оның қуыстарынан ірі күретамырларға ығыстырылады. Колды төссүйектен жіберген уақытта, диастола болады, сол уақытта қан ірі тамырлардан жүрек қуысына құйылады.

Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру. Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады,
оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.

Суға шомылу кезіндегі ережелер

Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар. Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар бұл өміріңізге қауіпті. Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.

Тұншыққандағы (асфиксиядағы) алғашқы көмек
Тұншығу (асфиксия) – бұл оттегінің жетіспеуіне және организмнің қаны мен тіндерінде көмірқышқыл газының артуына жетелейтін тыныс алу қиындығы. Тұншығу тері жамылғыларының көгеруімен бірге өтеді. Астмадағы тұншығу әдетте түнде болады, күндіз сирек ұшырасады.

Алғашқы көмек
— бронхиалды немесе жүрек астмасында науқасты отырғызады, таза ауа келуін қамтамасыз етіп,
аяғын ыстық суға салады;
— көмейдің аллергиялық ісінуінде шұғыл дәрігер шақыртқан жөн;
— егер тұншығуды бөгде зат шақырса, оны алып тастауға тырысады. Егер зат көрінбесе, науқасты
алға еңкейтіп, итерілу күйде қабырғаның төменгі сызығынан қолмен қысады. Өкпеде қалған ауа бөгде затты сыртқа итеріп шығарады;
— күш қолданылған, зорлық тұншығуында зардап шегушіні дем алдырмайтын заттан (көмейін
қысқан заттан, мойнындағы арқаннан және т.б.) тез босатып, дәрігер шақырады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close