#Әдебиет

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Осыған орай қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткерінің өмірбаянынан қызықты деректерді ұсынамыз:

Қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.
Саяси қызмет жолы 1905 жылы басталады.Қарқаралы арызы авторларының бірі А. Байтұрсынұлы болды. Сол үшін А.Байтұрсынұлы 1909 жылы тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылады.
Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің бірінші редакторы болған. Басылымның үш мыңнан аса жазылмандары болған, оны қазақ даласында, Қытайда және Ресейде оқыған.
Алғашқы еңбегі «Қырық мысал» 1909 жылы, ал екінші кітабы «Маса» 1911 жарық көрді.
Орынбордағы, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
Ғалым ұстаз Алматыда 3 жерде тұрған: қазір аэровокзал тұрған Қаскелең көшесі (қазіргі Чайковский көшесі), Красин көшесі (қазір Уәлиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй.
1926 жылы Бакуде өткен «Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың» төралқа мүшесі болады.
1929 жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды.
1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close