«Шындықтың шырағданы» тақырыбында әдеби кеш өтті
Әл – Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған жазушы, сценарист Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі» кітабына «Шындықтың шырағданы» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Кеш қонақтары: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, «Домалақ ана» қорының президенті, кәсіпкер Алтынбек Төлепбеков, Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы – Қабыл Дүйсенби қатысып жазушының шығармашылығы жайлы өз пікірлерін білдірді.
Әдеби — сазды кеште ОҚМПУ – нің «Филология» факультетінің бірінші курс студенттері жазушының шығармаларынан монолог оқып «Жыланның уы» мен «Сәмбі талдың мұңы» хикаяттарына қойылым қойып, автордың шығармашылығына арналған слайд шолу жасап, ғылыми пікірлер айтты.