#Әдебиет

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толды.

Ыбырай Алтынсаринның шын есімі — Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген.

Алтынсариннің әкесі сауаты аз, еңбекқор шаруа болған. Оның анасы Айман (кейбір деректер бойынша Аймен) Арғын руынан Шеген есімді бишінің қызы болған. Ол сауатты адам, көптеген халық ертегілері мен әндерін білетін. Ибраһимнің анасы оған ерте жастан халық ертегілері мен әндерін үйреткен.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.
Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде халық-ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close