#Ауыл шаруашылығы

ШЫМКЕНТТЕ АРЗАНДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік тауарлары ұсынылды.

Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара аудандары жәрмеңкеге қала тұрғындарына 6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдері, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын әкелді.

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат –халықты тиімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Аталған жәрмеңке жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close