Без рубрики

«АЛЫП ҚАШУ, АДАМ ҰРЛАУ — ӨРЕСКЕЛ ӘРІ ЖАБАЙЫ ҚЫЛМЫС» — ПРЕЗИДЕНТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қаза табуына байланысты пікір білдірді.

Президенттің айтуынша, бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, ел ішінде алаңдаушылық күшейген. Аталған жағдайға байланысты Ұлттық құрылтайға 130-дан астам өтініш келіп түскен.

Мемлекет басшысы тергеу барысында күдіктінің марқұм қызды ұзақ уақыт бойы аңдып, қорқытып жүргені анықталғанын атап өтті. Соның салдарынан қайғылы жағдай орын алып, адам өлімімен аяқталған.

Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттерін мұқият тексеруді тапсырды. Сонымен қатар Бас прокуратура бұл істі өз бақылауына алып, жан-жақты әрі әділ тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қыз алып қашу мен адам ұрлау — ауыр қылмыс екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әрекеттерге ешқандай ақтау жоқ және қоғам бұл келеңсіз құбылысқа бірлесіп қарсы тұруы тиіс. Президент заң бәріне бірдей екенін, әр азамат оны қатаң сақтауға міндетті екенін ескертті.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close