Ауылдарына тарту жасады
Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауылындағы бұрынғы «Шұбар», қазіргі Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде білімді, өнерлі талантты ұл-қыздар қанат қаққан. Олар бүгінде еліміздің әр аймағында түрлі салада қызмет етіп жүр.
Биылғы «Соңғы қоңырау» мерекесіне мектепті бітіргеніне 20 жыл болған түлектер қуанышты көңіл-күймен келді. Әрине, солай болуға тиіс. Бір-бірін сағынысқан құрбы-құрдастар, ұстаздарымен дидарласуға асыққан шәкірттер емес пе?
Осы 20 жылдық түлектердің қатарында елімізге белгілі өнер жұлдыздары әншілер Еркін Нұржанов пен Ердос Қанаев та бар. Олар осы білім ошағынан нәр алып, ең алғаш сахынаға шыққан болатын. Бүгінде мектебінің ғана емес, бүкіл елдің атын шығарып жүрген талантты азаматтар.
Биылғы 20 жылдық түлектер туып өскен ауылдарына перзенттік борышын өтеп бағуда. Олар ұйымдасқан түрде ауылдың қарияларына, ұстаздарына арнап кең дастархан жайды, өз қаржыларымен столдар жасатты. Ол столдар ауыл тұрғындарының игілігі үшін болмақ. Қандвй да бір қуаныш жиын кезінде, құдайы тамақтарда сол столдарды ауыл адамдары тегін пайдаланатын болады.