Без рубрики

ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ: РЕЙСТЕР ТОҚТАДЫ, ҚОНАҚҮЙЛЕР ШЫҒАРУДА

Дубайда демалып жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай, қиын жағдайға тап болғанын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады деп хабарлайды Shyndyq.kz, Ertenmedia-ға сілтеме жасап

Олардың айтуынша, қонақүйлер бүгін сағат 12:00-ден бастап бөлмелерді босатуды талап еткен. Алайда әуе рейстері тоқтатылғандықтан, отандастарымыз Қазақстанға қалай ораларын білмей дал. Әуежайда нақты ақпарат жоқ, ал туроператорлар жауапкершілікті өздерінен алып тастаған.

«Демалысымыз азапқа айналды. Балаларымызбен бірге далада қалғалы тұрмыз. Көмек қажет», – делінген үндеуде.

Туристердің арасында кішкентай балалары бар отбасылар, егде жастағы адамдар және жүкті әйелдер бар. Олар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәселені шұғыл шешіп, азаматтардың елге аман-есен оралуына ықпал етуді сұрайды.

Бұған дейін Иранның қарсы шабуылы кезінде Dubai International Airport пен әйгілі Burj Al Arab нысандарына зақым келгені хабарланған. Соның салдарынан аймақтағы әуе қатынасы шектеліп, халықаралық рейстердің бір бөлігі тоқтатылды.

Қазіргі таңда өңірдегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close