Без рубрики
ЕЛІМІЗДЕ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШТЕРІНЕ АҚША ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Қазақстанда мектеп түлектерінің бітіру кештерін өткізу тәртібі өзгерді. Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері бірлескен бұйрық қабылдап, жаңа талаптарды бекітті.

Енді аттестат тапсыру салтанаты тек мектеп қабырғасында өтеді. Мектептен тыс жерде — мейрамхана, кафе немесе басқа да орындарда бітіру кешін өткізуге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар оқушылардан, ата-аналардан және заңды өкілдерден қандай да бір ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Бұл шешім түлектер арасында әлеуметтік теңдікті сақтау және ата-аналарға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қабылданған. Жергілікті әкімдіктерге бітіру кештерін артық шығынсыз, қарапайым форматта ұйымдастыру тапсырылды. Ал полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылап, түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Жаңа талаптар бітіру кештерін даңғаза мен ысыраптан арылтып, олардың тәрбиелік әрі мазмұндық мәнін арттыруға бағытталған.



