Без рубрики

ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте қала әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шарасы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Қайырымды істер» марафоны жобасы аясында жүзеге асуда.

Ақмешіт орталық мешітінде өткен акцияда 1000-ға жуық мектеп оқушысына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.

Шара барысында  қаланың бас имамы Бағдәулет қажы Абдрахманов:

—  Отбасындағы бірнеше баланы мектепке дайындау, ата-анаға салмақ түсіретіні анық. Мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын жаңа оқу жылына толық дайындай алмайды. Осы орайда әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге көп болып, көмектесу игілікті іс. Індет жағдайына байланысты сөмкелер мен оқуға қажетті оқу құралдары үйлеріне жеткізіледі. Игі шараны «Зекет» қайырымдылық қоры және еріктілер атқарады, — дей келіп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінде жалғасын таппақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close