Без рубрики

ОРDA.KZ БАС РЕДАКТОРЫ ГҮЛНАР БАЖКЕНОВАНЫҢ ҮЙІНЕ ТІНТУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Orda.kz басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенованың үйінде және редакция ғимаратында құқық қорғау органдары тінту жүргізіп жатыр.

Бұл ақпаратты ішкі істер органдары растады. Полицияның мәліметінше, журналистке Қылмыстық кодекстің «көп рет қасақана жалған ақпарат тарату» бабымен іс қозғалған. Тергеу журналистің материалдары бойынша бірнеше азаматтың шағымы түскенін хабарлайды.

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы Orda.kz алаңында құқық қорғау органының қызметкері пара алу кезінде ұсталды деген хабарлама жарияланған. Тергеу барысында бұл деректің шындыққа жанаспайтыны анықталып, материал аталған қызметкердің кәсіби беделіне зиян келтіргені айтылуда. Сондай-ақ тағы бір жарияланымда мүлік дауына қатысты шығын көлемі мен себептері бұрмаланып көрсетілген деген шағым бар. Полиция бұл ақпараттың да арызданушының іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін атап өтті.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, өткен жылдардағы бірқатар материал бойынша да шағымдар жиналған. Қазір олардың барлығы жеке-жеке зерттеліп, тергеу аясында қарастырылып жатыр.

Бажкенованың үйі мен жұмыс орнында жүргізіліп жатқан тінту кезінде электронды құрылғылар, жұмыс материалдары мен құжаттар тәркіленіп жатқаны белгілі болды. Тергеу тобы бұл деректердің жалған ақпарат дайындау немесе таратуға қатысы бар-жоғын тексермек.

ІІМ өкілдері тергеу жалғасып жатқанын айтып, барлық процесс заң аясында жүргізілетінін мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close