Без рубрики

“ҚАРА СИҚЫРДЫ ҚАЙТАРАМ” ДЕП ҚАРИЯНЫ ТОНАП КЕТТІ

Дуа, қара сиқырды қайтаратын күшке иеміз деп өздерін таныстырған өзбекстандық әйелдер жәбірленушінің алтын бұйымдарымен ақшасын алдап алып кеткен.

Оқиға 12 мамыр күні Қазығұрт ауданында тіркелді. Өзбекстандық екі азаматша жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, үйіңді дуадан тазартып береміз деп алдаған. Сөйтіп тылсым күшпен күреске түскен сыңай танытып, үй иесін гипноздап тастаған. Осылайша олар жәбірленушінің алтын алқасын, жүзігін және 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып, тайып тұрған.

Алайда, “сиқыршылардың” сұмпайы сценарийі ұзаққа бармады. Есін тез жиған жәбірленуші полицияға хабар беріп үлгерген. Тәжірибелі тәртіп сақшылары дереу күдіктілердің ізіне түсіп, құрықтаған. Олардан айғақ заттар тәркіленген.

Аталған жайт Қазығұрт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғынды алдап кеткен 2 әйел қамауда.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close