Без рубрики

«РИЗАШЫЛЫҚ ДАСТАРХАНЫ» ЖАЙЫЛДЫ

Ордабасы ауданына қарасты «Қарақұм» жалпы орта мектебінің асханасында жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасынан шыққан балаларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Молдахан, технология пәнінің мұғалімдері Б.Бақтыбай мен М.Ендібай, әлеуметтік педагог Ә.Алпысбайдың ұйымдастыруымен «Ризашылық дастархан» тақырыбында оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, имандылыққа баулу, ұлттық тағамдарымызды дәріптеу мақсатында тегін ақ дастархан жайылды.

Мектеп асханашысы А.Нұрмухамедова өз қолынан пісірген тәтті нанын үлестіріп берді.
Қарақұм ауылының байырғы ақ халатты абзал жаны, қазіргі таңда зейнеткер, Қамқоршылық кеңесінің белсенді мүшесі Қалдәулет Гүлсім демеушілік жасап, аз қамтамасыз етілген, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға тәтті тортын, оқу құралдарын табыс етті.

Мектеп ұжымы демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыстарын білдірді.  Ауылымызда осындай жомарт жандар барына қуаныштымыз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close