Без рубрикиҚоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ ПЕРЗЕНТХАНАДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Құтқарушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, жарылыс салдарынан күзетші қаза тапқан. 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Шымкент қаласының ПД таратқан мәлімет бойынша, күндізгі сағат 12:06-да 102 телефонына Ғ.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс нәтижесінде 138 ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс нәтижесінде пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ. Сонымен қатар, перзентханадан 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілгені хабарланды. Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close