Без рубрикиҚоғам
ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАРЫЛЫСТАН 18 КҮНДІК НӘРЕСТЕ ҚАЗА БОЛДЫ
Шымкенттегі N1 перинаталды орталықта болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты.
Qumash телеграм арнасы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, жарылыс кезінде 18 күндік нәресте қаза болған. Тағы 8 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
Оқиға орнына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келген.
Тиісті мамандар жарылыстың себептерін анықтап жатыр.