Без рубрикиҚоғам

ТАБИҒИ АПАТТАР КЕЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҮЙРЕТУ

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету бойынша жұмысты негізгі қағидалар мен ережелерді ескере отырып жүргізу ұсынылады.

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету қағидалары:

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын көздейтін өзектілік қағидасы;
  • мектеп жасына дейінгі балаларды табиғи апаттардың пайда болуы туралы қарапайым түсініктермен таныстыруға мүмкіндік беретін ғылыми және қол жетімділік қағидасы;
  • адам табиғаттың, оның заңдарына бағынатын бөлігі екенін түсінуге мүмкіндік беретін тұтастық пен табиғилық қағидасы;
  • қауіпсіз мінез-құлықтың дағдыларын қалыптастыруды көздейтін үздіксіздік қағидасы;
  • ойын әрекеті түрінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру міндеттерін шешуді көздейтін кешенді және кіріктіру қағидасы;
  • балаларда төтенше жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтауға әкелетін дұрыс, жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін болжам қағидасы;
  • мектеп жасына дейінгі балаларда көрнекі-бейнелі ойлаудың басым болуына байланысты әртүрлі көрнекі құралдарды әзірлеуді көздейтін кӛрнекілік қағидасы;
  • өз күшін, өзіне деген сенімділікті, өз мүмкіндіктерін сезінуге ықпал ететін эмоционалды әсер ету қағидасы;
  • тәрбиеленушілерде өзінің және басқа адамдардың өмірінің құндылығын түсінуді, ӛзгелерді қорғау, өзін-өзі қорғау және өзара көмек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ізгілік қағидасы;
  • өзін міндетті түрде құтқаратындығына сенімділікті дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық жайлылықты сақтау қағидасы;
  • салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, менталитетті және өмір сүру жағдайларын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жергілікті төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету қажеттілігін көздейтін ӛңірлік компоненттерді ескеру қағидасы.

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету ережелері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық нормалары мен ережелерін үйретумен шектелмеу;
  • балаларды байқағыштыққа, бағдарлауға және тӛтенше жағдайларда жылдам әрекет етуге үйрету;
  • жұмысты үш бағытта жүзеге асыру: мектепке дейінгі ұйым – бала – ата- ана.

ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Ғылыми әдебиеттерде қауіпсіздік ұғымының көптеген әртүрлі анықтамалары қолданылады. С. И. Ожеговтың сөздігінде «қауіпсіздік» термині «қауіптен қорғанатын, қауіп төніп тұрмаған жағдай ретінде түсіндіріледі, яғни «қауіпсіздік» ұғымы тек қана қауіптің әлеуетті құрбандарымен тікелей байланысты.

Педагогикада қауіпсіздікті «жеке тұлғаның, қоғамның, ұйымның, кәсіпорынның өмірлік маңызды мүдделерін әлеуетті және шынайы төніп тұрған қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі немесе мұндай қауіп- қатерлердің болмауы» деп түсіну қабылданған.

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру режимдік сәттер мен ұйымдастырылған іс-әрекетте іске асырылады.

Тәрбиешілер күні бойы жас тобының күн тәртібіне сәйкес балалар іс- әрекетінің әр түрлерін жүзеге асырады, мұнда қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша теориялық түсініктер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін тақырыпқа және қойылған міндетке байланысты әрбір режимдік сәтті қолдануға болады:

  • бақылау;
  • балалармен әңгімелесу;
  • серуен;
  • шынықтыру шаралары;
  • еңбек әрекеті;
  • шығармашылық әрекет;
  • дидактикалық, қимылды және сюжетті-рөлдік ойындар;
  • балалар көркем әдебиетін оқу;

-иллюстрациялар қарау;

-бейнесюжеттер қарау;

  • эксперимент жүргізу;
  • ата-аналармен жұмыс.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқының негіздері бойынша міндеттерді толық меңгеруі және оларды бекіту үшін тәрбиешілер циклограмманың мынадай бөлімдерінде: «Серуен», «Балалардың дербес іс- әрекетінде (баяу қимылды ойындар, үстел ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және басқалар) ұзақтығы ұйымдастыру нысанына байланысты жұмыс түрлерін жоспарлайды. Сюжетті-рӛлдік ойындарды ұзақ уақыт ӛткізуге болады. Бұл балалардың қызығушылықтарының деңгейіне байланысты.

Балабақшада серуен балалардың әртүрлі белсенді іс-әрекеттері дамитындай етіп ұйымдастырылуы қажет: танымдық, физикалық, көркем. Серуен кезінде тәрбиешілер тірі және өлі табиғатты бақылауды ұйымдастырады, балалар табиғи материалдардан: құмнан, тастардан, бұтақтардан құрастырумен айналысады. Серуен мазмұны аулада, экологиялық алаңда эксперимент жүргізуге, жасанды түрде модельденген ағындағы судың кӛтерілуін және жердің кейбір бӛлігін су басуын, құмсалғыштағы кӛшкінді және т. б. балалардың байқауына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.

Ұсынылған оқыту нысандары мен тәсілдері келесі оқыту құралдары арқылы іске асырылады:

  • плакаттар;
  • иллюстрациялар;
  • әртүрлі жағдаяттарды бейнелейтін сюжетті суреттер;
  • қиылған суреттер;
  • мозаикалар;
  • үстел үсті ойындары, дидактикалық ойындар;
  • жеке жұмысқа арналған карточкалар;
  • милиционер, дәрігер, өрт сөндірушінің костюмдері;
    • мультфильмдер;
  • арнайы қызмет атқаратын ойыншық көліктер (автобустар, жүк, жеңіл, ӛрт сӛндіру, жедел жәрдем көліктері және басқалар);
  • кӛлік құралдары: (самокат, скутер, скейтборд, велосипед);
  • кӛше мен жолды бейнелейтін үстел үсті макеті;
    • жол белгілері;
  • дәрі қобдишасы;
  • құтқару қызметтерінің телефондары жазылған карточкалар (101, 102, 103);
  • телефон;
  • қимылды ойындардың картотекасы;
  • тақырып бойынша көркем әдебиет таңдау;
  • ата-аналарға арналған кеңестер топтамасы.

Қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйретудегі ойындар мен ойын жаттығулары

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде кӛрсетілгендей (ҚРҮ 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы) ойын балалардың жетекші іс-әрекеті және оларды дамытудың негізгі құралы болып табылады, сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйрету міндеттерін іске асыруды ойын арқылы ӛткізу ұсынылады.

Ойын жаттығулары ойын-сауықты біріктіретін мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің ерекше әдісі. Ойын арқылы бала әлемді таниды, ересек ӛмірге дайындалады. Сонымен қатар, ойын баланың шығармашылық дамуының, ойында алған дағдыларын шынайы ӛмірде қолдана білу қабілетін дамытудың негізі болып табылады. Ойындар кӛбінесе балалардың белгілі бір әлеуметтік рӛлдерді, шынайы өмірден кез-келген әрекеттерді орындауын білдіреді. Ойын ұсынылған ережелерді қабылдауға негізделген, осылайша ол баланы ӛмірдің белгілі бір ережелерін сақтауға бағыттайды. Ойын сипаттамаларына байланысты мәжбүрлеу әдістерін қолданбай баланың біліктері мен дағдыларын қалыптастырудың және қабілеттерін дамытудың ең тиімді тәсілі ретінде қолдану қажет.

Мектепке дейінгі жаста баланың ойын әрекеті барысында заттар арасындағы айырмашылықтарды табу, заттарды жалпы белгілері бойынша біріктіру, олардың орналасуын бағдарлау, заттар мен құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық және логикалық байланыстарды орнату қабілеті дамиды.

Мысалы, «Қауіпті қоржын» дидактикалық ойынында бірнеше міндеттер шешіледі, олардың бірі: табиғи апаттарға дайындық пен өмір сүру деңгейі арасында ӛзара байланыс орнату, «Ойыншыққа дейін еңбектеу» ойынында қашықтықты қабылдауға үйрету, осы арқылы іс-әрекеттің нәтижесі жақын және алыс кеңістікке де байланысты екенін көрсету міндеттері қойылады; кеңістіктегі қозғалыс бағытына назар аудару және осы бағытты өз бетінше таңдауға үйрету. Жоғарыда айтылғандардан табиғи апаттар кезінде балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйретуде ойын қандай рӛл атқаратыны анық кӛрінеді.

БАЛАЛАРДЫ КӨШЕДЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНА БАУЛУ

Балалар – жол қозғалысына қатысушылардың ең әлсіз категориясы.

Оларды ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау – ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. Сондықтан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі — Бағдарлама) сәйкес балаларды көшедегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу кіші жас бастап көзделген.

Бағдарлама мазмұны мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау;
  • өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын, қоршаған әлемдегі, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін меңгерту.

Жол қауіпсіздігі тақырыбы бойынша мәселелерді режимдік сәттер арқылы ойын түрінде зерделеу ұсынылады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру кезінде жол ортасын зерделеуге болады. Қоғамдық орындарда жағымды мінез-құлық дағдыларына баулу тәрбиеленушілерге көшеде, жолдарда және көлікте қауіпсіз әрекет ету ережелерін үйретуді қарастырады. Сөйлеуді дамыту сөздерді, пікірлерді, соның ішінде жол қауіпсіздігі және басқа тақырыптар бойынша зерделеу мәселелерін қамтиды.

Бағдарламаға «қауіпті» және «қауіпсіз» терминдерінің мазмұнын ашатын міндеттер енгізілген. Балаларға жол қозғалысының қауіпсіздігі негіздерін үйрету бойынша тәрбиелеу-білім беру жұмысының басты мақсаты оларда көшедегі қауіпсіз мінез-құлықтың қалыпты, жағымды әдеттеріне баулуға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелеу-білім беру процесін балалар көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын, жол белгілерін, бағдаршамдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін бақылайтын мақсатты серуендер кезінде жол кеңістігін тікелей қабылдау арқылы, жол тақырыбы бойынша арнайы дамытушы және үйретуші ұйымдастырылған іс-әрекеттер процесінде жүзеге асыру ұсынылады.

Баланың ненің дұрыс немесе бұрыс екенін түсінуі, өзінің және өзгелердің қылықтарына саналы қарауы сияқты дағдылары мен әдеттерін дамыту маңызды. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларда өздерінің реніштерімен, талап-тілектерін тежей білу әдеттерін (мысалы, қауіпті кезде жүгірмеу және т.б.) қалыптастырудың маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде педагог сендіру, үлгі, жаттығу, ынталандыру сияқты әдістерді қолдануы қажет. Бұл жастағы балаларды сендіру оңай болып келеді. Оларға балабақша аумағынан тысқары шығып кетуге болмайтынын, кӛшеге тек қана ересектермен шығуға болатынын және міндетті түрде ересектің қолынан ұстауы тиіс екендігін түсіндіру қажет.

Балаларды үнемі: жол қозғалысы тақырыбы бойынша қауіпті және қауіпсіз жол қозғалысы жағдаяттарын талдауда, ойындар, серуендер, суреті бар альбомдардағы тапсырмаларды орындауда, штрихтар жүргізуде, құрастыруды, жапсыруды орындауда, сөйлеуді дамыту бойынша ұйымдастырылған іс- әрекеттерде жол қозғалысына қатысты сӛздерді қолдануда тәрбиелеп отыру ұсынылады. Балалар өздері барлығын кӛруі, естуі, ұстап көруі және тануға ұмтылысын іске асыруға тиісті жұмыста дәстүрлі түрде қолданылатын кӛрнекілік ұстанымының маңызы ерекше.

Топтардағы заттық — кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұны:

Кіші топ (2 жастағы балалар): көлік құралдары ойыншықтарының жиынтығы, көлік құралдары бейнеленген иллюстрациялар, қызыл және жасыл түсті дөңгелектер, жаяу жүргіншілер бағдаршамының макеті, «Көлік» сюжетті-рөлдік ойынға арналған атрибуттар (түрлі-түсті рөлдер, әртүрлі машиналар, төс белгілер, көлік түрлері бейнеленген желеткелер), дидактикалық ойындар «Машина құрастыру» (4 бөліктен), «Бағдаршам».

Ортаңғы топта (3 жастағы балалар): «Жолаушылар қандай көлікпен жол жүреді», «Ұқсас суретті табу» көлік түрлерін топтастыруға арналған ойындар үшін суреттерді, жаяу жол мен жолдың жүретін бөлігі көрсетілген көшенің қарапайым макетін, көлік бағдаршамының макетін қосу ұсынылады.

Ересек топ (4 жастағы балалар): ауыстыру белгілері бар бағдаршам макетін, «Өз түсіңді тап», «Бағдаршам құрастыр» дидактикалық ойындарын, жаяу жүргіншілер жолы көрсетілген көше макетін қосуға болады.

Мектепалды топ/мектепалды сыныпта (5 жастағы балалар): алмалы- салмалы заттары бар кӛше қиылысының макетін, «Жаяу жүргіншілер өткелі»,

«Жер асты жаяу өткелі», «Автобус тоқтайтын орын», «Балалар», «Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады», «Велосипедпен жүруге тыйым салынады», «Велосипед жолы», «Басты жол», «Орын бер», «Аурухана»,

«Телефон», «Тамақтану пункті» жол белгілерінің жиынтығын, «Белгілер нені білдіреді?», «Қиылыс», «Біздің көше» дидактикалық ойындарын, «қауіпті жағдаяттар» картотекасын қосуға болады.

БАЛАЛАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН ҮЙРЕТУ

Бала өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау – мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеттерінің бірі. Баланы қауіп-қатерден қорғау ғана емес, сондай-ақ қауіпті жағдайлар, сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу маңызды.

Өртке қарсы талаптарды білу және сақтауды бала кезден бойға сіңірсе адамның мінез-құлқында табиғи дағды қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста баланың өрттің қауіптілігін білуге, өрттен қорғану дағдылары және өрттің алдын алу немесе өрт кезінде бағдарлануға көмектесетін білімді меңгеруге тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар туындайды.

Балалардың отпен ойнауы өрттің көбеюуін туғызып, өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету қажеттілігін дәлелдейді.

Өрт кезіндегі баланың мінез-құлқына байланысты көптеген оқиғаларды талдау                       барысында қорқыныштан бала жанып жатқан үйден кетудің немесе кӛмекке шақырудың орнына оқшауланып тығылып қалатындығын             байқатты. Көбінесе балаларда отқа деген қызығушылық тән болады да, отпен ойнауға тыйым салу әрекеті күтілетін нәтиже бермейді.Сондықтан да отты абайлау дағдыларын              үйрету, от пен түтінің              қасиеттері туралы білу,              төтенше өрт жағдайында өрт қауіпсіздігі              қағидаларына үйрету бойынша үнемі, мақсатты түрде жұмыс жүргізу қажет.

Ептілікке және баланың әсеріне арналған дене шынықтыру жаттығуларын қамтитын, ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің түрлері балалармен жұмыс істеуде маңызды рөл атқарады.

Балаларды әдеби шығармаларды қолдана отырып үйретуде педагог келесідей қағидаларды ескеру қажет:

  • балалармен әңгімелесуде қиындық туғызатын жағдайлар туралы қарапайым, қол жетімді тілде сөйлеу;
  • шығарманың мазмұнын түсіну үшін бейнелеп айту қажет;
  • әдеби шығарманың мазмұны балалардың жасына, олардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.

Таңдалған материалдар, әдістемелік құралдар өрт қауіпсіздігі туралы толыққанды түсінікті қалыптастырумен қатар, балалармен жұмыстың басқа бағыттарындағы: көшеде, үйде, табиғатта мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту (тұрмыстық техника, химия, кәсіпорындағы жұмыс), экологиялық тәрбиенің негізін қалау міндеттерін шешеді.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бірнеше бағытта жүзеге асырылады:

Білім беру қауіпсіздігі: мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастырды. Бұл жұмыс балалардың әртүрлі әрекет түрлерінде: ойын, шығармашылық, дербес және ересектермен бірге жұмыс барысында жүзеге асырылады. Балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда ата- аналар маңызды рӛл атқарады. Педагогтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы нәтижесінде балалар тұрмыста, табиғатта, қала кӛшелерінде ұқыпты және сақ болуды үйренеді, адам үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіз мінез- құлық негіздерін игереді.

Бұл үшін балабақша тәрбиешілері түрлі әдістерді (ақпараттық-танымдық, көрнекі-ақпараттық) пайдаланады, сонымен қатар әлеуметтік желідегі топтарға (WhatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыру бойынша роликтер жібереді.

Техникалық қауіпсіздік: мектепке дейінгі ұйымдар дабыл, күзет қызметі және рұқсатнама пункті жүйесі бойынша күзет фирмасымен шарт жасайды. Бейнебақылау қаланың Ішкі істер департаментінің бақылауында болады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың рұқсатнама пунктінде қақпалар, санитариялық қағидаларға сәйкес терезе желдеткіштеріне, фрамугаларға москит торлары орнатылады, мектепке дейінгі ұйымдарда шұғыл шақыру түймесі орналастырылған болуы тиіс.

Рухани-адамгершілік қауіпсіздігі: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері тәрбиеленушілердің ата-аналарына жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін ойындар мен дамытушы ӛнімдерді таңдауда консультациялық кӛмек кӛрсетеді.

Келушілерге мектепке дейінгі ұйымның аумағын бақылаусыз аралауға, ӛздерімен әкелген қандай да бір заттарды тастап кетуге рұқсат етілмейді. Күдікті заттар: иесіз (ұмытылып) қалған, бөгде заттар табылған жағдайда – оларға тиіспей, дереу балабақша әкімшілігіне (әкімшілік полицияға хабарлайды) хабарлау.

Төтенше жағдайлардағы шығатын есіктер ерекше бақылауға алынуы, олар жарамды жағдайда, жабық күйінде ұсталынуы тиіс. Адамдар мен мүліктерді шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда кілттерді сақтау тәртібін анықтау. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері балабақша ішінде жүрген бейтаныс адамдарға назар аударып, олардың келу мақсатын сұрау, мүмкіндігінше құжаттарын тексеруге құқығы бар. Балабақша ауласындағы күдікті адамдарға және кез-келген оғаш оқиғаларға қызметкерлер мен балалар назар аударулары тиіс.

Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымға келуі, балаларды топқа ертіп баруы және күту орыны; балаларды үйге жіберу тәртібі, қандай да бір себептермен атааналардың кешігуі ретке келтірілуі тиіс. Террористік актілердің дайындалу белгілері немесе өткізілу мүмкіндігі байқалған жағдайлар туралы, барлық төтенше оқиғалар туралы дереу құқық қорғау органдарына, аудандардың Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне хабарлау қажет.

БАЛАЛАРҒА ТАБИҒИ АПАТТАР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕТУДІҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйрету кезінде балалардың психологиялық ерекшеліктерін, балалардың әсершілдігін ескеру қажет.

Балалардың назарын өрттің, су тасқынының қорқынышты салдарына ғана аударуға болмайды. Бұл тәсіл баланың психологиясын зақымдап, мазасыздыққа, қорқынышқа, күйзеліске әкелуі мүмкін.

Балалардың қауіпсіздік туралы тиісті ақпаратты қабылдауға және төтенше жағдайлардағы әрекеттерге психологиялық дайындығы зор маңызға ие.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда, балалардың жас ерекшелігін, эмоционалды кӛңіл-күйін, өмірдегі тәжірибесінің аздығын және қиялын ескеру қажет.

Педагог балалардың қоршаған орта туралы білімдерін тереңдете отырып, қауіпсіз-мінез құлық дағдыларын қалыптастырады.

Педагогтердің міндеті балаларды қауіпсіз мінез-құлық нормаларымен таныстыру, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Төтенше жағдай туындаған кезде балалардың алған білімдерін, дағдыларын және қауіпсіз мінез-құлықты сақтау дағдыларын дұрыс қолдануы олардың қалыптасқан жағдайды психологиялық тұрғыда тура қабылдауына байланысты болады. Сонымен қатар педагог түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып балаларға қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығын, туындаған жағдайды дұрыс қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру қажет. Келесідей негізгі талаптар:

  • табиғи апаттар жағдайында шамадан тыс эмоционалды қабылдау және мінез-құлық қағидаларын білмеу салдарын кӛрсету;
  • табиғи апаттар   мен   төтенше   жағдайларды   дұрыс             психологиялық тұрғыда қабылдау,  нұсқау бойынша әрекет ету;
  • сабырлы болу және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру;
  • төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардағы мінез-құлықтың нақты қағидаларын орындауға баланың ішкі ынтасын қалыптастыру;
  • қазіргі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескеріп, стандартты емес әдістерді: теледидар, смартфондар, компьютерлік ойындар және т. б. қолдану басшылыққа алынуы тиіс.

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда баланың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру оқыту нысандарының, әдістерінің, құралдарының тиімділігімен айқындалады.

Қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудың психологиялық тетіктерін іске асыру:

  • табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар туындағанда         балаларға қандай қиындықтар мен қауіптерді күтуге болатынын түсіндіруге;
  • табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықтың қаншалықты маңызды екенін білуге;
  • табиғи апаттар тәуекелдерін азайту үшін дербес шешімдер қабылдауда жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

ТАБИҒИ АПАТТАР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ БОЙЫНША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Отбасы – бұл бала үшін ең маңызды әлеуметтену институты, сүйіспеншілікке, қамқорлыққа толы алғашқы әлеуметтік орта, ал ата-аналар балаларға қорғау мен қауіпсіздіктің үлгісі болып табылады.

Сондықтан, отбасы баланың қауіпсіздігін және табиғи апаттар мен тӛтенше жағдайлар тәуекелдерін азайту мәселелерін насихаттауы тиіс. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналарды осы тақырып бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыру қажет.

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайту үшін ата- аналармен жұмыс істеудің толыққанды жүйесін құру маңызды. Ата- аналармен жұмысты ұйымдастыру кезінде өңірлік және ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажет.

Егер ата-аналар белсенділікпен қатысса, балалар арасындағы табиғи апаттар тәуекелдерін азайту бойынша ата-аналарды оқыту нәтижелері тиімдірек болады.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар туралы хабардар болуы үшін, осы тақырып бойынша пікірлері мен ұсыныстарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Ата-аналардан ауызша немесе жазбаша сауалнамалар алынып, тестілеуден ӛткізеді.

Ата-аналардың осы мәселе бойынша хабардарлық деңгейін айқындай отырып, ата-аналармен жұмыста білім беру ұйымының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, сондай-ақ жұмыстың мазмұнын жоспарлау маңызды.

Жұмыс нысандары:

  • жеке;
  • ұжымдық;
  • көрнекі-ақпараттық.

Жеке жұмыс түрлері:

  • жеке әңгімелер;
  • тәрбиешілер ата-аналарға табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізеді, басқа педагогтер ата-аналардан туындаған сұрақтарға қарай жеке жұмыс жүргізеді.

Ұжымдық жұмыс түрлері:

оқыту семинарлары;

  • тренингтер;
  • конкурстар, сұрақ-жауап кештері, викториналар, Көңілді тапқыштар клубы;

конференциялар;

— ұжымдық кеңес беру. Семинарлар

Семинарларды екі айда бір рет өткізу ұсынылады. Семинарлардың тақырыбы оқытылатын модульдерге сәйкес айқындалады. Егер семинарлар дағдыларды пысықтау бойынша ойын жаттығулары, тренингтер, іскерлік ойындар, жағдайларды талдау сияқты интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілсе, ата-аналардың белсенділігі едәуір артады.

Тренингтер.

Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары әртүрлі табиғи апаттар мен қауіпті жағдайларды бағалауға, сонымен қатар баламен өзара іс-әрекеттің ең жақсы тәсілдерін айқындауға, қауіпсіз мінез-құлықты үйрету барысында қарым-қатынастың табысты түрлерін таңдауға көмектеседі.

Осылайша, ойын тренингіне қатысатын ата-ана жаңа ақпаратты түсініп қана қоймай, берілген мәселе бойынша баламен қарым-қатынас жасай бастайды.

Конкурстар, сұрақ-жауап кештері, викториналар, Көңілді тапқырлар клубы.

Бұл тәсілдер ата-аналарға төтенше жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін нақтылауға, оларды іс жүзінде қолдануға, жаңа ақпарат білуге, алған білімдерін бір-бірімен бөлісуге, балаларды қауіпсіз мінез- құлыққа үйретудегі кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Конференциялар.

Бұл тәсілдің құндылығы оған тек ата-аналар ғана емес, бүкіл қоғам қатысады. Конференцияларда педагогтер, Төтенше жағдай және құтқару қызметтерінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, педагог- психологтар және т. б. сөз сөйлейді.

Жұмыстың көрнекі-ақпараттық нысандары:

  • ақпараттық парақтар-жадынамалар;
  • көшпелі-папкілер;
  • буклеттер;
  • ақпараттар және т. б.

Бұл процеске ата — аналардың қызығушылығы мен белсенді қатысуы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, материалды меңгеруге, оны балаларға үйрету үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі баланың сенгіштігі, қарым-қатынастағы ашықтығы және білуге құмарлығы қауіпті жағдайда мінез-құлықты айқындайды және оның ең осал тұстарына ықпал етеді, сондықтан да ересектер үшін бұл мәселе болмаса да, бала үшін   мәселе болуы мүмкін, себебі балалар өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қауіптің барлық өлшемін өз бетінше анықтай алмайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым негіздерін қалыптастыру бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырады. Бұл жұмыс әрекеттің әр түрлерінде: шығармашылық, ойын және дербес әрекетте, ересектермен бірлескен жұмыс барысында жүзеге асады.

Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін игеру бойынша жұмыста ақпараттықкоммуникативтік технологияларды қолдану зор мүмкіндіктерді ұсынады. Компьютерлік техниканы қолдану білім беру қызметін түрлендіруге, оны айқын, кӛрнекті, мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Мультимедиялық презентацияларды қолдану балаларға шынайы ӛмірдің оқиғалары мен құбылыстарын көрсетуге, нәтижесінде қоршаған ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда ата-аналар маңызды рөл атқарады. Педагогтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы нәтижесінде балалар тұрмыста, табиғатта, қала көшелерінде ұқыпты және сақ болуды үйренеді, адам үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіз мінез-құлық негіздерін игереді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close