ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ: САХНАҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН КӨРЕРМЕН ЫҚЫЛАСЫ
Түркістан – тарихи мұраларымен ғана емес, мәдениет пен өнердің де ордасына айналып келе жатқан шаһар. Соның ішінде театр өнерінің дамуы тұрғындардың рухани өмірінде ерекше орын алады.

Театр өнерінің дамуы
Түркістанда кәсіби театрдың қалыптасуы соңғы жылдары қарқын алды. Музыкалық драма театры мен жастар театрының қойылымдары халыққа рухани азық болып, өңірдегі мәдени өмірдің деңгейін көтеріп келеді. Сахна төрінде ұлттық классикадан бастап әлемдік үздік туындылар да қойылып жүр. Театр әртістері тек дәстүрлі қойылымдармен шектелмей, заманауи тақырыптарды да көтеріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді сахна арқылы жеткізуде.
Түркістан театры V маусымды тың қойылыммен қарсы алады
Қойылымның негізі – режиссер Giorgia Coco сахналаған туынды. Ол Олимпиада чемпионы, ел мақтанышы, түркістандық Бекзат Саттархановтың өмір жолына арналған. Ерлік пен жігерді, арман мен жеңісті бейнелейтін бұл сахналық дүние – “Бекзат” драмасының тұсаукесері.
Сахнада – ел тарихында өшпес із қалдырған дара спортшының ерлігі мен күресі бейнеленеді. Бұл қойылым жай ғана спектакль емес, туған жердің асыл перзентін ұлықтап, рухты көтеретін, жүректі тербейтін ерекше сахналық туынды.
Театрдың мәні мен ерекшелігі
Театрдың ең басты құндылығы – оның тірі өнер болуында. Әрбір спектакль бір сәтте сахнада орындалып, көрерменнің көз алдында туындайды. Сондықтан бір қойылымды бірнеше рет көргеннің өзінде, әр жолы жаңа әсер сыйлайды.
Көрермен мәдениеті
Бүгінде түркістандықтар театрға жиі бара бастады. Әсіресе жастардың өнерге қызығушылығы артып, жаңа қойылымдарға алдын ала билет алып, достарымен бірге келуі дәстүрге айналып келеді. Театр залында отбасымен келетін көрермендердің көбеюі де қуантады. Бұл – қала тұрғындарының мәдени талғамының өсіп келе жатқанының белгісі.
Түркістандағы театр өнері күннен-күнге дамып, көрермен жүрегінен ерекше орын алуда. Халықтың театрға деген қызығушылығы – мәдениетке деген құрметтің айқын көрінісі. Ал сахнаға шыққан әрбір жаңа туынды елдің рухани әлемін байытып, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыра береді.