Без рубрики

УЛЫ ГАЗДАН ҚОРҒАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында газдан уланудың алдын алу акциясын өткізді.

«Сақ болыңыз — улы газ» акциясы барысында көпқабатты үйлерге және жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылды.

Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізіледі. Себебі мұндай іс-шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тікелей септігін тигізеді.

Үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне үй иелері жауапты екенін есте сақтаған жөн.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close